Тақырыбы: дк-нің негізгі құрылғыларының конфигурациясы pc configuration of devices The purpose of the lesson


LCD – (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды монитор)



бет4/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,59 Mb.
#37120
1   2   3   4   5   6   7   8

LCD – (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды монитор) – сұйық күйдегі заттардың негізінде жасалатын монитор. Бұл сұйықтықтың қатты заттарға тән кейбір қасиеттері болады. Осы сұйықтықтың молекулалары электр кернеуінің әсерінен өз орындарында үнемі қозғала отырып, өздері арқылы өтетін жарық сәулелерінің бойындағы қасиеттерін өзгертеді. Нәтижесінде экраннан өзімізге қажетті түрлі түсті бейнелерді көреміз. 

   Сұйық кристалды мониторлардың ЭЛТ мониторлардан басты артықшылығы - көлемінің шағын болуы және денсаулыққа зиянсыздығы. Бұндай мониторлар ЭЛТ мониторлар секілді зиянды электромагниттік сәулелер таратпайды және бұл мониторлармен жұмыс істеген адамның көзі әдеттегідей тез шаршамайды.

    СК мониторлардың кемшілігі де жоқ емес. Мәселен, бұл мониторлардың түсті жеткізу қабілеті нашар. ЭCТ мониторларды кез келген мақсатта: мәтінді, фотосуреттерді өңдеу үшін, ойын ойнау  үшін т.б.   қолдана беруге болады, ал СК мониторлардың кейбір модельдері әр түрлі компьютерлік ойындарды ойнауға жарағанымен, фотосуреттерді сапалы түрде өңдеуге мүмкіндік бермейді немесе керісінше түстерді  жақсы көрсеткенімен, әр түрлі динамикалық ойындарды өз деңгейінде ойнауға, т.б. кедергі жасайды.     Сондықтан болса керек, көптеген маман иелері, мәселен дизайнерлер ЭCТ мониторларды таңдайды.

   Монитор экранының өлшемдері әр түрлі болады. Экранның диагоналі дюйммен(1 дюйм =2,54 см) өлшенеді және олар 15,17,19 дюйм немесе одан жоғары болады. 



Пернетақта

 Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында  жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады. Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:



Пернетақта



  •   символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады;

  • функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1,F2,…,F12) әрпімен белгілеген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді (құжатты сақтау, бетті жаңарту, анықтама шақырту, т.б.). Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі программалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы, Бейсик тілінде F1…F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады;

  • нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелері. Курсор дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Нұсқаушы пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар(стрелкалар) салынған. Олар курсорды экранда жылжытуға арналған;

  • цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта – пернетақтаның оң жағында орналасқан. Бұлардың көмегімен сандық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ курсордың экранда қозғалуын басқаруға болады. пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады. Егер осы пернені бір рет басса, онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі. Ал егер оны тағы бір мәрте басса, онда бұл пернелер курсорды экранда жылжыту бағытын басқарады.  

Пернетақтада жоғарыда аталған пернелерден басқа, маңызы осылардан кем емес арнайы пернелер де бар. Оларға (енгізу пернесі), (жою пернесі), (артқа қарай өшіру), (үлкен регистрді қосу) және т.б. пернелер жатады.

   Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl және Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру үшін  Alt+Shift (кейде Ctrl+Shift) пернелерін қатар басады, яғни алдымен Alt (Ctrl) пернесін басып тұрып, содан кейін Shift пернесін басады да, олардың екеуін де босатады.      



Тышқан

  Тышқан – «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқанның екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті  немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.





Тышқан

   Соңғы кезге дейін ішінде темір шар орналасқан механикалық тышқандар қолданылып келген болатын. Бұл тышқандардың ішінде орналасқан темір шар өзара перпендикуляр орналасқан екі шағын білікті айналдырып, компьютерге «оңға-солға» және «жоғары-төмен» деген  жылжыту сигналдарын береді. Бұл тышқандарды арасында тазалап отыру қажет болды. Қазір олардың орнына оптикалық тышқандар жиі қолданылады . Оптикалық тышқанның бұрынғы механикалық тышқаннан айырмашылығы - тышқанды жылжытатын ауыр шариктер мен ролик біліктерінің болмауы. Бұл тышқандардың ортасында орналасқан арнайы жарық сәулелері кілемшенің бетіне шағылысып, экрандағы тышқанның курсорын жылжытатын арнайы командаларға ауысады. Тышқанның жазық беттегі қозғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады және оның оң немесе сол жак батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.

Монитор мен тышқан бірігіп қолданушы интерфейсінің жаңа түрі — графиктік интерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет