Биология және биохимия кафедрасы
ГЛОССАРИЙ
Тақырыбы: ДНҚ бірізділіктері. Дисперсті қайталанулар:SINE және LINE бірізділіктері және т.б.
Орындаған: Ахмедова Малика
Тобы: В-ЖМҚБ 07-21
Қабылдаған: Дәріпбек А.
Шымкент 2021 ж
Прокариоттар геномы — ішек бактериясында-Е.соІі, жақсы зерттелген.
Плазмида — бактерия хромосомасынан тәуелсіз репликацияланатын сақиналы хромосомалық элемент, оның өлшемі шамамен бактерия хромосомасының 10-20 %-дай, 1-3 гені болады.
Эписомалар—бактерия хромосомасынан бөлек, автономды кездесетін не оған жалғанатын сақиналы хромосомалық элементтер.
Дисперсияланған (біркелкі таралған) ДНҚ бірізділіктері (геномның 15% көлемін құрайды) ДНҚ молекуласының бойына біркелкі бытыраңқы таралып орналасқан.
Сателиттік қайталанулар хромосомалардың әр түрлі учаскелерінде бумаланып жинақталған және көптеген рет қайталанатын тандемді бірізділіктерден тұрады.
Минисателлиттік ДНҚ - 20-70 нж. тұратын және ондаған рет жұптасып (тандемді) қайталанатын бірізділіктер.
Микросателликтік ДНҚ - 2-4 нж. тұратын, жалпы ұзындығы жүздеген нуклеотидтер жұптарынан аспайтын, жұптасып (тандемді) байланысқан қайталанулар типі болып табылады.
Жекелеген нуклеотидтер полиморфизмі дегеніміз-ДНҚ молекуласының бір бөлімінде бір нуклеотидтің екінші бір нуклеотидпен алмастырылуы. Бұл фермент белсенділігінің өзгеруіне алып келеді.
Қозғалғыш генетикалық элементтер—автономдық генетикалық бірліктер, олардың нуклеотидтер бірізділігінде осы элементтерді ДНҚ-ның бір жерінен екінші жеріне ауысуын, орын алмастыруын, қамтамасыз ететін акуыздар туралы ақпарат болады.
Достарыңызбен бөлісу: |