Тақырыбы: Домбырасыз ән қайда ...
Мақсаты: Оқушыларға ел өмірі мен тарихының, өнері мен мәдениетінің ажырамас байлығы, төл мұрасы саналатын қазақтың дәстүрлі ұлттық музыкалық аспабы –домбыраны туралы мағлұмат беру. Қазақтың музыкалық аспаптарын құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Түрі: әңгіме
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің сөзі.
«...Киіз үйге кіріп келген бір топ қыздардың бірі-домбырада, бірі-шаң-қобызда, ал бірі –сырнайдаойнап берді»
Я.П. Жарков 18ғ.
Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары халқымыздың тіршілік қам-қарекетіндегі, салт-дәстүрі мен дүниетанымындағы, тарихы мен өнеріндегі бірегей заттық мұрасы, рухани байлығы болып табылады.
Әл-Фараби ішекті-шертпелі аспаптардың пайда болу төркінін садақтан тартады және бұл барлық елдерде негізделген қағида.
Қазақтың шертпелі аспаптарының ішіндегі ең көп қолданылатыны және көптеген үлгі нұсқалары бары - домбыра. Домбыраның сырт нұсқалары әртүрлі болыпкелгенімен, жасалу әдіс-тәсілдері мен бөлшектері ортақ. Домбыра негізгі бес бөліктен тұрады. Олар: бас, мойын, кеуде, шанақ, қақпақ. Осыларға қосымша: құлақ, тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ішек, үндік, пернелер, қалқа, серпер, желкелек, түйме, өрнек, желбезек тақтайша деп аталатын қосалқы бөлшектері де бар. Тиектің де бірнеше түрі бар. Олар: бос тиек, негізгі тиек, түйме тиек, табалдырық тиек. Бұл бөлшектерсіз домбыра үн шығармайды, ойнауға келмейді.
Қазақ дүниетанымы бойынша домбыра бойында қолөнер, орындаушылық, күйшілік секілдітанымдық құндылықтар жинақталған. Адам көкірегіне нұр құятын, жамандықтан сақтайтынкүшке ие аспап ретінде оған үкі, қоңырау тағып, төрге іліп қастерлейді. Басқа аспаптарға қарағанда домбыра бақсы ойыны,дуаналық, балгерлік, емшілік секілді діни –ғұрыптық салттарда қолданылмайды. Қазақ даласының әр өңірінен «үш ем», «бүктемелі», «үш ішекті», «қуыс мойын», «екі жақты», «желбезекті», «қос мойын», «кең шанақты», «қауақ», «тұмар» деп аталатын үлгі –нұсқалары пайда болған.
Шағын үлгіде жасалатын, балаларға раналған екі ішекті түрі-шіңкілдек.Шіңкілдектің үні басқа аспаптардың дыбысымен қосылғанда ашық естіліп ерекшеленіп тұрады.
Домбыра тобындағы әлі де болса сирек қолданылатын нұсқасы – үш ішекті домбыра. Аспап ішек саны, бұрауы мен үш ішекте орындалатын күй шығармаларымен ерекшеленеді. Ұлы Абайдың кезінде өз ән-күйлерін сүйемелдеген үш ішекті тарихи домбыра сақталған.
Сонымен, оқушылар домбыра тарихымен танысып өттік. Енді сіздерге мынандай сұрақтар қояйын.
Сұрақтар.
Домбыраның құрылымын ата.
Домбыраның түрлерін ата.
Қандай күйшілерді білесіздер?
Қандай домбырашыларды білесіңдер?
Домбыра тартуды үйренгілерің келе ме?
Қорытындылау.
Осы тәрбие сағаты «Асыл мұра» бойынша «Домбыра-дастан» бағытына байланысты өтті. Алдымен оқушыларды қазақтың қасиетті қара домбырасының қысқаша тарихымен таныстырып өттім. Содан кейін оқушыларға домбыраға байланысты сұрақтарды қойдым. Оқушылар бар білгенінше жауап берді. Әсіресе домбыра тартуды үйренгілірі келетінін жасырмады.
Көктау негізгі мектебі
Тақырыбы:
Өткізген: Шабдар А
2009-2010 оқу жылы
Сараптама
Тақырыбы: Нағыз қазақ домбыра
Мақсаты: Оқушыларға ел өмірі мен тарихының, өнері мен мәдениетінің ажырамас байлығы, төл мұрасы саналатын қазақтың дәстүрлі ұлттық музыкалық аспабы –домбыраны туралы мағлұмат беру. Қазақтың музыкалық аспаптарын құрмет тұтуға тәрбиелеу. Тәрбие сағаттан елдің ұлттық аспабы жайлы көптеген мағлұматтар алды.
Достарыңызбен бөлісу: |