Тақырыбы: Еңбегімен ерекшеленген - Елбасы.
Мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолын, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, жеткен жетістіктеріндегі атқарған қызметтерін, халқына арналған Жолдауларын ауыл тұрғындарына насихаттап, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялатып, әр азаматтың еліміздің дамуына өз үлестерін қосу.
Армысыз құрметті қауым! «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР 2001 ж. 13 желтоқсандағы Заңына 2011. 14. 12. өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 1 - ші желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні деп бекітіліп биыл бұл мереке 2 - ші рет атап өтпекпіз
Олай болса «Елімен ерекшеленген - Елбасы!» - атты сайысқа қош келдіңіздер.
Ел болдық, ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттін шежіресі,
Нұрсұлтаннын атымен басталады. – дегендей
Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси дамуының келешегіне айқын жол ашқан 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы Декларация екені баршамызға белгілі. Бұл мемлекет ретінде өз алдына отау тіккен республикамыздың мәртебесін асқақтатқан бүкіл әлем алдында « Қазақстан» деген ел бар екенін паш еткен тарихымыздағы тұңғыш құжат.
Егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәті – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, көл – көсір зор оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді. Осының бәрі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтіңкөрегендігі мен салихалы саясатының арқасында!
Қазақстан – егеменді, тәуелсіз мемлекет, сондықтан оның өз әнұраны, туы, елтаңбасы бар.
Әнұраным – жан ұраным.
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Бақыт, бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дабыр әні,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикамның әнұраны
Әнұран орындалады
Құттықтау сөз кезегі
«Әдемі - ау» әжелер ансамбілінің орындауында «Ақмаңдайлым» әнін қабыл алыңыздар.
Құрметті ата - аналар, мерекелік жиының қонақтары Тұңғыш Президенті күніне орай мектебізіде 25 - 30 - шы қараша аралығында «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты апталық өткізілуде. Соның бір дәлелі ретінде бүгін ата - аналар арасында «Еңбегімен ерекшеленген - Елбасы» тақырыбында сайыс өткізледі. Олай болса сайысқа қатысатын ата - аналарды ортаға шақырамыз.
Сайыс ережелерімен таныс болыңыздар.
1. Таныстыру
2. Сұрақ - жауап
3. Елбасына тарту
4. Мақал - мәтелдің жалғасын табу
5. Постер құрау
6. Өз өнерлерін көрсету.
Бүгінгі сайысты сараптайтын сарапшылармен таныс болыңыздар.
Ауыл әкімі Қабыл Сабырұлы.
Мектеп психологы Нұржан Бейсембекұлы
Тарих пән мұғлімі Нұргүл Берікқажықызы
География пән мұғалімі Жанара Құдайбергенқызы.
1. Топтарымыз дайын болса сөз кезегі өздеріңізде.
2. кезең « Бәйге» ойыны. «Елбасы ағашы» сұрақтар берілген. Бір топқа 3 сұрақтан берілген
1. Қазақстан Республикасының рәміздері мен авторларын атаңыздар? Әнұранның
Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев.
Тудың авторы:
Ш. Ниазбеков.
Елтаңбаның авторы.
Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов.
2. Н. Ә. Назарбаев қашан республикамыздың президенті болып сайланды?
1991 жыл. 1желтоқсан.
3. «Ұлттық валюта» дүниеге қашан келді?
1993 жылы 15 қараша
4. Қазақстан Республикасының алғашқы Ата заңы қашан қабылданды?
1995 жылы 28 қаңтар ҚР – ның «Ата заңы» қабылданды.
5. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республика деп жарияланды
6. 1992 жылы 4 маусымда қандай оқиға болды?
Мемлекеттік рәміздер қабылданды.
7. « Тәуелсіздік» монументі қай қалада орналасқан?
Алматы
8. Қазақстан қандай мемлекет?
Тәуелсіз зайырлы мемлекет.
9. Қазақстан қандай ұйымға мүше болды, қай жылы?
БҰҰ - на, 1992 жылы
10. Астана. 14 желтоқсан. 2012 жылы қазақстан халқына жолдауы қалай аталады?
«Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
11 - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі туралы не білесіздер?
• Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
12. Жұмысшы Нұрсұлтан жайлы не білесіздер?
• Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
13. Президенттің саяси өмірбаянының бастауы
• Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
14 • Басқа лауазымдары мен мансаптары
*Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
*Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
*Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
* «Нұр Отан» партиясының төрағасы.
*ОБСЕ - нің бас төрағасы
15• Отбасылық жағдайы туралы не білесіз?
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Қазақстанның бірінші ханымы.
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы; халық қалаулысы
Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады;
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
16. Елбасының бірінші халыққа жолдауы қай жылы жолданды, қалай аталады?
1997 жыл «Қазақстан – 2030»даму стратегиясы.
17. Елбасы туралы қандай көркем фильм бар? Кино қайда түсірілді?
«Балалық шағымның аспаны», Үшқоңырда түсірілген.
18. Елбасының қандай еңбектері / кітаптары/ жарық көрді?
«қазақстан жолы», ғасырлар тоғысында», «Ой бөлістім халқыммен», «Тарих тағлымдары және қазіргі заман», «Тәуелсіздік белестері», «Жүз жылға татитын 10 жыл», «Бейбітшілік кіндігі»
“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы - бергідегі қазақ баласының бірді - бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты - толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат - қабілетімді, білім - білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”
Нұрсұлтан Назарбаев
3 кезең «Елбасына тарту»
Ән
4 кезең Ойын « Тапқырлар». Отан, туған жер туралы мақал – мәтелдердің жалғасын табу. Әр топ 2 мақалдан алады.
• 1. Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
• 2. Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.
• 3. Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.
• 4. Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.
• 5. Ерінен айырылған көмгенше жылайды, Елінен айырылған өлгенше жылайды.
•. 6. Туған жер — тұғырың,
Туған ел — Қыдырың
7. Ұлтарақтай болса да
ата қоныс — жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
туып - өскен ел қымбат
8 Отаны жоқтық - нағыз жоқтық.
9. Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер.
10 Ел үшін аянба - ерлігіңе сын
Жұртың үшін аянба - жігіттігіңе сын
11 Отаны бірдің жүрегі бір,
Жүрегі бірдің тілегі бір.
12. Атамекен — анаң екен,
Қысылғаңда панаң екен
5 кезең постер жасау.
7. « Өнерлі өрге жүзер.» Әр топ өз өнерін көрсетеді.
Марапатта
Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде:
Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамың!
Өркені өссін қазақтың,
Осы – менің арманым!
Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,
Осы – менің мұратым!
О, Ақорда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы – менің мақсатым!
Халқым – менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы – менің тілегім.
Ән «Өз елім»
Достарыңызбен бөлісу: |