Тақырыбы: Еңбек жағдайының гигиеналық бағалау критерийлері мен жіктелуі. СӨЖ Орындаған:Қадырбекова Шынар
Тфп19-017-1
Қабылдаған:Текманова А.К.
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1)Еңбек жағдайы.
2) Өндірістік факторлар. Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығына әсері.
3) Еңбек жағдайының жіктелуі.
4) Өндірістік факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алу шаралары.
III. Қорытынды.
Еңбек жағдайы.
Еңбек жағдайы - еңбек үдерісінде адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне әсер ететін өндірістік орта факторларының жиынтығы.
Еңбек жағдайын құрайтын факторлардың мынадай негізгі топтары бар: 1)санитарлық-гигиеналық факторлар — зиянды химиялық заттар, өндірістік шуыл, шаң-тозаң, діріл, электр-магниттік өpic пен электр өрісі, сәуле (ионданушы, лазерлік, ультракүлгін), өндірістік үй-жайдағы микроклимат, жарық, т.б.;
2)психологиялық-физиологиялық факторлар — ауысымдағы тұрақты жүктеме, көтеретін жүктің бір жолғы шамасы, жұмыс қарқыны, зейінге түсетін күш, бір сарындылық, жүйке-сезімге түсетін күш, жайсыздық, ауысымдылық, т. б.;
3)эстетикалық факторлaр — үй-жайдын, жабдықтың, арнаулы киім-кешек пен аяқкиімнің сәндік-көркемдік тұрғыдан безендірілуі, жарық-түс композициясының үйлесімі, т. б. Бұл орайда өндірістік фактордың рұқсат етілген шекті деңгейіне, қауіпті деңгейіне және зиянды деңгейіне ажыратылады.