Тақырыбы: Әбу Насыр әл Фараби



Дата28.09.2019
өлшемі25,11 Kb.
#48925
Байланысты:
ал фараби

Сынып: 8

Тақырыбы: Әбу Насыр әл - Фараби
Мақсаты: Оқушыларды ұлы ғұлама Әбу Насыр әл - Фарабидің өмірімен таныстыру. Тілдік, сөздік қорын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Еңбексүйгіштікке, мейірімділікке еліміздің білікті, білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: ой қозғау, сөздік жұмыс
Көрнекілігі: Әл - Фараби суреті, сызбалар, кітаптар, суреттер, слайд.
Эпиграф
Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Әл - Фараби
Барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу
ә) түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ойын «Тақия тастау»
- Әңгіме қалай аталады?
- Ағайын екі жігіт неліктен жаңа қоныс іздеуге мәжбүр болды?
- Сыр өңіріндегі халық тіршілігін сипатта?
- Сырдың сипатын тауып оқы?
- Ағайынды екі жігіт Сыр өңіріне қоныстанғасын, нені кәсіп қылды?
- Сыр өңірі, жері мен суы туралы қандай өлең, ән білесің?
ІІІ. Жаңа сабақ
«Ой қозғау»
«Сағыныш» сөзін кім қалай түсінеді?
Әкеге
анаға 
Туған жерге
бауырға
«Ой толғаныс»
а) Тарихтан қысқаша үзінді.
Әбу Насыр әл - Фараби – ұлы ғалым, ұлы ақын. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ойшыл.
Мың жылдан артық уақыттың қатыгез сынынан мүдірмей өткен адамзат ұлдарының бірі.
Әбу Насыр әл - Фараби – қазақ халқының ежелгі мәдени орталықтарының бірі – аты әйгілі Отырарда дүниеге келген.
Отырарды арабтар Фараб деп атаған. Осыдан барып Әбу Насыр әл – Фараби атанып кеткен.
Әбу Насыр әл – Фараби бастауыш білімді туған қаласы Отырарда алды. Одан соң Хорасанға барады. Фараби ғылымды, көбінесе, өз бетімен оқып үйренген. Ол 150 тарта еңбек жазған. Аристотельдің ой - мақсаттарын дамытып отырған.
ә) Слайдпен жұмыс.
Әбу Насыр әл – Фарабидің суреттерімен таныстыру
б) Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы әңгімені оқу.
Талдау
- Әбу Насыр әл – Фараби қай жерде дүниеге келген?
- Әбу Насыр бастауыш білімді қайда алған?
- Ол қай елдерде болған?
- Әбу Насырдың туған еліне арналған өлеңінен қандай сезімін байқадың?
в) Сөздікпен жұмыс
Аристотель – грек елінің ұлы ғалымы
Шам – қазіргі Сирия мемлекетінің астанасы Дамаск қаласының көне атауы
Шах – ұлы билеуші, Иран патшасының атағы
Хауыз – жан жағы, түбі шегенделген, су сақтайтын шұңқыр.
е) Бес жолды өлең
Кім? Әбу Насыр әл – Фараби
Қандай? Ұлы, әйгілі, білімпаз
Не істеді? көптеген еңбектер жазды
Синоним: ғұлама
Сөйлем: Әл - Фараби Аристотельден кейінгі екінші ғалым.

ІҮ. Шығармашылық жұмыс.
Әбу Насыр әл – Фараби – Аристотельден кейін танымал болған адам. Өйткені ол көптеген еңбектер жазып, Аристотель еңбектерін бірнеше мәрте оқып шыққан. Көп оқып, көп ізденудің нәтижесінде өзіде көп еңбектер жазған. Сол еңбектер тарихта сақталып ұрпаққа өшпес із болғандықтан ол аңыз адам аталған.
Эссе «Аңыз адам»
Ү. Қорытынды
Сонымен біз бүгін кім туралы сөйлестік?
Әбу Насыр әл – Фараби кім?
Ол туралы не білдіндер?
ұстаз 150 тарта еңбек ғалым жазған ақын Отырарда Аристотельдің ой – мақсаттарын дүниеге дамытап отырған келген
Көптеген ақын жазушыларымыз Әл - Фараби туралы көптеген өлеңдер жазған.
Солардың бірі М. Шахановтың «Арман» өлеңі
Оқушылар өлеңдерің оқиды
- Сонымен ғаламда қалу үшін, өз мақсаттарына жету үшін адамға ең бірінші арман керек.
ҮІ. Оқушыларды бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: 82 - 83 бет оқу.
Әл – Фараби туралы мәлімет жинақтау.
Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы өз халқының азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен адам ретінде сипаттау.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін дамыта отырып, сана - сезімін ояту.
Тәрбиелік: Абылай хан бейнесі арқылы оқушылар бойында өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, оның қадір - қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, ой - қозғау.
Көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі, оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару, құрал - жабдықтарын тексеру.

I. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:


Ауызша сұрақ - жауап:
1. Тәуке хан қай жылы қайтыс болды?
2. XVIII ғ. қазақ халқына қауіпті болған мемлекет?
3. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға қай жылы, кім қол қойды?
4. Кіші жүз Ресей бодандығына өткеннен кейін елде жағдай қандай болды?
5. Әбілхайыр хан атағын қай жылы алды?
6. Бұланты шайқасында кім басшылық етті, қай жылы болды?

II. Тарихи диктант


Нүктенің орнына тиісті сөзді қой
1................. Қайып хан қаза болды?
2. Әбілхайыр ханды................... етіп сайлады.
3. Әбілхайыр қолбасшылық еткен қазақ жасақтары............... Жоңғарларға күйрете соққы берді.
4. Әбілхайыр хан Ресейден көмек сұрап,................... аттандырды.
5. Қазақстанның Ресей империясына бодан болуы................. басталды.

III ”Сандар да сөйлейді” ойыны


1711 - 1781 жж.
Абылай ханның өмір сүрген жылдары
1741 - 1742жж.
Абылай Жоңғар тұтқынында болды
1729 ж
Жоңғар шайқасында Сабалақтың аты шықты.
1771 ж.
Үш жүздің ханы болып сайланды
1771 ж.
Әбілмәмбет қайтыс болды.
1781ж.
Түркістандағы Қ. А. Иассауи кесенесіне жерленді

Жаңа сабақ жоспары:


1. Абылайдың өмірі.
2. Абылай ханның қайраткерлік жолы.
● Негізгі мәлімет:
1711ж - Әбілмансұр дүниеге келді
1741 - 1742жж Жоңғар тұтқынында болды
1771ж - Үш жүздің ханы болып сайланды
1778ж - Ресей империясы Орта жүздің ханы деп тағайындады.
1781ж - Түркістандағы Қ. А. Иассауи кесенесінде жерленді
Мирасқоры - Уали
Абылайдың өмірі мен қызметіне арналған туындылар; “Аласапыран”, “Алмас қылыш”,
“Көшпенділер” (І. Есенберлин), “Батыр Баян”(М. Жұмабаев) «Абылай хан» диссертациясы (Ж. Жақсығалиев)

Абылай (Әбілмансұр) хан (1711 - 1781) Қазақ ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз - Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе - жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «Ақтабан Шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш - жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш. Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.

Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алған. Ол шығыстың жеті тілін білді. Домбыраны жақсы тартты. Оның өзі шығарған жиырмадан астам күйлері бар. Төле бидің тәлім - тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т. б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда Абылай 20 жасында қан майданында ерлігімен танылған. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілеріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып Абылай атанады.

Абылай қаһарлы хан болумен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол « Ақ толқын», «Ала байрақ», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қаражорға», «Сары бура», «Шаңды жорық» т. б күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қ. А. Иассауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақ сарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелден 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келеді.

● Бекіту кезеңі:
Ой толғау
Бүгінгі сабақта нені білдік, не үйрендік?
Абылай кім?
Хан
Елін қорғады
Тәуелсіздікті нығайтты
Саясаткер, мәмілегер, қайраткер, күйші, қолбасшы
Не істеді?
Ағаш үйлер салғызды
Халықты біріктірді, еігіншілікті дамытты

Оқушыларды бағалау:


Үй тапсырмасы: Абылай хан жайлы деректер іздеу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет