Тақырыбы: Ежелгі Үнді философиясы



бет2/2
Дата14.10.2023
өлшемі101,32 Kb.
#185375
1   2
Байланысты:
Ежелгі үнді философиясы

Философия (кейде "Пәлсапа", грек. φιλοσοφία, philosophia, мағынасы: Даналықты сүю) — жалпы және фундаменталды сауалдар туралы зерттеу болып,ол болмыс, болу, білім, құндылық, ақыл, зерде және тіл секілді өзекті проблемаларға бағытталады. Мұндай сауалдар көбінесе зерттелуді, немесе шешілуді күткен проблемалар ретінде ортаға қойылады. "Философия" термині алғаш Пифагордан (бзд. 570 - 495 жж) басталған болуы мүмкін. Философиялық әдістерге сауал, сыни пікірталас, ақылды аргумент және жүйелі пайымдау қатарлылар жатады.
Ведалар (санскритша - білім) - үнді әдебиетінің ең көне (2 ғасыр соңы - біздің заманымызға дейінгі 1 ғасыр басындағы мың жылдықтар) діни және философиялық мұралары. Ведалар әнұрандар мен құрбандық шалу формулаларынан (Ригведа, Самоведа, Яджурведа, Атохорведа), теологиялық трактаттардан (брахмандар мен упанишадтардан) тұрады. Ежелгі Үндістанның мәдени-әлеуметтік өмірі туралы көптеген деректер ала аламыз. Ведаларда Құдай мен адамның арасындағы үйлесімділіктің маңызы дәріптеледі.
Буддизм (санскритше – बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б.т.
Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Үш себет") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады.


Сансара (айналып оралу, иірім) - үнді философиясы мен дінінің негізгі концепцияларының бірі. Сансара бойынша тіршіліктің түрлерінің бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және бір- біріне айналу мүмкіншілігіне ие. Үнемі өзгеріске ұшырап отыратын әлемде заттардың негізі, мәні ешқашан жойылмайды, тек бір түрден екінші түрге ұдайы өтіп отырады. Сансара концепциясы бойынша, өлім өмірге қарсы қойылған зауал емес, өлім - өмірдің басқа түрлеріне өту жолы.

Қолданылған әдебиеттер





  1. Бессмертный лотос. Слово об Индии./Сост. А. Сенкевич –М: Мол, Гвардия.1987

  2. Чаттерджи С. Датта Индейская философия .- Москва 1966

  3. Введение в философию В 2 ч,. М-1989.

  4. Кішібеков Д, Сыздықов Ұ,. Философия А 1992- 2002 ж

  5. Нұрышева Г Философия лекциялар курсы. Оқу құралы. Алматы 2006 ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет