Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тәуелсіздікке қол жеткізген елдер және саяси картадағы өзгерістер. Дүниежүзілік халықаралық ұйымдар



бет5/7
Дата02.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#173509
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Экономика срс2

3.2 Халықаралық валюта қоры
Халықаралық пұл қоры (Іnternatіonal Monetary Fund (ІMF) — әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатысты туындайтын түйткілдерді зерттейтін және қажет болған жағдайда мүше елдерге қаржылық және техникалық қолдау ұсынатын халықаралық ұйым. Оның штаб-пәтері АҚШ астанасы Вашингтонда орналасқан. Құрамына 184 мемлекет кіреді.ХВҚ — мүше мемлекеттер арасындағы валюта несие қатынастарын реттейтін, төлем теңгерімінің тапшылығынан валюталық қиындықтар туындаған кезде оларға шет ел валютасымен қысқа және орта мерзімді несие беру жолымен қаржы көмегін көрсететін халықар. ұйым. Брет-Будстағы конференцияның (АҚШ‚ 1944) шешіміне сәйкес құрылған. Оған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі мәртебесі берілген. Ресми мақсаты — валюта-қаржы саласындағы халықар. ынтымақтастыққа және дүниежүз. сауданы дамытуға жәрдемдесу. Қордың активтері, көбінесе қатысушы мемлекеттердің жарналары (үлестері) есебінен құралады.

3.3 Дүниежүзілік сауда ұйымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы
 (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2015 жылғы 30 қарашадағы соңғы мәлімет бойынша оған 162 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина Ресей және Қазақстан бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және де 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.
ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:
— Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;
— Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;
— Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;
— Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;
— Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет