Тақырыбы: Экологиялық мәдениетті қалыптастыру (конспект)



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата25.12.2021
өлшемі235,15 Kb.
#105337
түріКонспект
1   2   3
Байланысты:
ҚУАНҒАЛИ Н.Қ. СЕМИНАР.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру

Ұсыныстарым:

  Оқушылардың  білім  алу  кезінде  экологиялық  мәдениетін 

дамыту  үшін  экология  мәселесіне  қатысты  олимпиадалар  ұйымдастырып, 

балаларды  туристік  серуендерге  шығарып  тұру  керек.    Сонымен  қатар, 

сабақтан тыс уақытта экологиялық білім беру деген ӛте маңызды. Бұл пәнді 

мектеп  бағдарламасына  тек бір пән  ретінде  енгізіп  қойса, тиімділігі  жоғары 

болмайды.  Бала  құлағымен  естіп  қана  қоймай,  осы  жұмысқа  ӛзі  тікелей 

қатысса  ғана  алған  білімі  маңызды  болады.  Сондықтан,  оқушының  түрлі 

секцияларға, клубтарға, туристік серуендерге қатысқаны дұрыс. 

Эко-квестер,  шеберлік  сағаттары,  театр  қойылымдарын  дайындау,  қайта 

ӛңделетін шикізатты пайдалана отырып, экоматериалдан бұйымдар дайындау 

және  т.б.  жұмыстарға  қатысу  арқылы  оқушының  шығармашылық  дағдысы 

артатын болады.  

Ӛзімнің  тәжірибемнен:  НЗМ  мектебінде  ұйымдастырушы-куратор  қызметін 

атқарғанда  8  сыныпқа  «Табиғатты  аялайық»  тақырыбында  «Ӛнер»  пәні 

мұғалімімен  бірге  кіріктірілген  сабақ  ӛткізген  болатынмын.  Тәрбие 

сағатында  оқушыларға  табиғатты  аялауға,  қорғауға  шақыра  отырып, 

Отансүйгіштік,  мейірімділік  қасиеттерін  дамытып,  әр  түрлі  деңгейдегі 

тапсырмалар орындатылды. Содан кейін Ӛнер пәнінің мұғалімі оқушыларға 

әр  түрлі  қалдық  заттардан  пайдалы,  ӛздеріне  керекті  бұйымдарды  жасап 

үйретті.  Бұл  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырып  қана 

қоймай, сонымен қатар қалдық заттарды босқа тастамауға, қоршаған ортаны 

ластамауға үйретті. 

Тағы  бір  ұсыныс  ретінде  оқу-әдістемелік,  ғылыми-зерттеу,  мәдени-ағарту, 

тәрбие  және  кәсіптік  бағдар  беру  қызметін  жүзеге  асыру  мақсатында 

геологиялық-минералогиялық мұражай құруды айтқым келеді. 

Мұражайда  кәсіби  бағдар  беру  экскурсияларын  ӛткізу  үшін  экспозициялық 

кеңістік  ұйымдастырылып,  онда  туған  ӛлкенің  даму  тарихымен  және 

байлығымен 

танысу, 


минералогия, 

петрография, 

Геология 

және 


кристалдардың  физикалық  қалыптасу  процестері  бойынша  практикалық 

сабақтар ӛткізіледі. Сонымен қатар, тақырыптық экскурсиялар жүргізіледі. 

Материалдарды  жинау  және  экспонаттау,  Қазақстанның  және  басқа  да 

елдердің геологиялық құрылымын, минералогиясын, табиғи байлықтары мен 




табиғат ескерткіштерін зерттеуге арналған жұмыстардың жарияланымдарын 

мектептің  жетекші  мамандар  басшылығымен  экспедициялар  жүзеге 

асырылады. 

Мұражайға бару барлық сыныптың міндетті бағдарламасына енгізіледі. 

Осылайша,  мектептен  бастап  алғашқы  дайындықтан  ӛткен  оқушы  арнайы 

экологиялық  пәндерді  оқуда  саналы  түрде  және  жеткілікті  түрде 

дайындалады. 

 

Экологиялық  мәдениетті  қалыптастырудың  басты  шарты  білім  беру  және 



ағарту  бағдарламаларының  кешенді  тәсілі,  үздіксіздігі  және  сабақтастығы 

болып табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет