Аралас экономикалық жүйе негізгі экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаратын мемлекет пен жеке сектордың экономикалық жүйеде біріге жұмыс жасауымен сипатталады Өнеркәсіптік төңкеріс және қазіргі ҒТР-ға негізделген экономикалық жүйенің 3 түрі: Индустрияға дейінгі Индустриялдық Индустриядан кейінгі Индустрияға дейінгі жүйе – ауыл шаруашылығымен, шаруашылық жүргізудің табиғи нысанымен және қол еңбегінің басымдылығымен сипатталады
Индустриялдық жүйе – ірі машиналық өндіріске негізделген, дамыған ақша-тауар қатынастары бар жүйе
Индустриядан кейінгі жүйеде басты ресурс – ақпарат, экономиканың жетекші саласы – өндірістік емес сала, ал экономикалық дамудың мақсаты – адамның және оның өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жағдай жасау болып табылады