Экономикалық категориялар – бұл экономикалық құбылыстардың аса маңызды жақтарын және қоғам өмірінің нақты жағдайларын
теориялық тұрғыдан сипаттайтын жалпылама ұғымдар мен логикалық
түсініктер (мысалы, сұраныс, ұсыныс, тауар, баға, пайда, қаржы,
несие, меншік, нарық, жалақы, бәсеке, т.б.).
Экономикалық заңдардың жиынтығы қоғамның даму заңдылықтарын сипаттайтын экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Осындай
жүйені құрайтын заңдарды негізгі және негізгі емес деп бөлуге
болмайды. Қоғам өмірін талдауда экономикалық заңдардың барлығы
дерлік маңызды және өзара байланысты болып табылады. Тек бір
ғана заңды пайдаланудан болған қателіктер барлық жүйені бүлдіріп,
қоғамдық өмірдің тепе-теңдігін жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |