Тақырыбы: «Әлем таныған Президент» Мақсаты



бет1/3
Дата31.12.2019
өлшемі0,69 Mb.
#54966
  1   2   3
Тақырыбы: «Әлем таныған Президент»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап көрмесі, нақыл сөздері, слайд, көрініс.

Барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер, балалар!

1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Қазақстандықтар бұл мерекені биыл үшінші рет атап өтеді. Былтыр ел Парламенті Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен алғашқы Президент сайлауына байланысты осындай шешім қабылдаған болатын. Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшаң-теңіз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалады.
Фариза: ( Асылбек Енсеповтың күйі ойнап тұрады)

Ертеде әлемді аузына қаратқан, төрткүл дүниені тамсандырған, дәулеті мен сәулеті тасқан, халқы бір-бірімен тату тұратын, қаласы көркем, даласы дархан, аққу ұшып қазы қонған, ел бастаған көсемі, сөз бастаған шешені бар бір ел болыпты. Жаны таза, жүрегі адал паң даланың иесі, сұлу сөзбен садақ иген, ешкімге ұқсамайтын, дара болмысты мұндай халық жер бетінде болмаса керек. Тағдырдың тар жол тайғақ кешуіне дес бермеген қажыр-қайраты, қаһармандығы, адалдығы, бірлік берекесі біте қайнасқан ерекше қасиетімен әлем жұртының назарын аудартыпты. Бақыт деген құстан «Қайда барып тұрақтайсың?» десе «Ынтымағы жарасқан елге» деген екен.

Бұл қандай ел деп ойлайсыңдар?

Жүргізуші: Елбасымыз Н.Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын!

Ендеше бүгін біздер «Әлем таныған Президент» атты мерекелік іс-шарамызды бастайық 
Ең алдымен коммуналды мемлекеттік мекемесі «Солоновка орта мектебінің» директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жанна Александровнаға сөз беріледі.
Көрініс:

Таңертеңгі шайдың кезі

Сұлтан: Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.

Анасы: Ол қандай түс, балам?(елең ете қалады)

Сұлтан: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да осы Шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығағарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.

Анасы: Балам сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген жақсы нәрсе Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.


Жүргізуші: Анасы баласына ақ батасын беріпті. Міне анасының жорыған түсі дәл келіп, бүгінде аз ғана уақыт ішінде әлемді аузына қаратқан Қазақ елін басқарып, атақ-дәрежесі күллі дүниені шарлап кетті.

Видео қарау. Келесі кезекте бала Сұлтан жайлы видео ролик ұсынамын.

Жүргізуші: Ендігі кезекте ел президенті Н.Назарбаевтың өмір жолына қысқаша тоқтала кетсек.

1 бала:

Елбасымыз Н.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған аулында дүниеге келді. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепте жақсы оқып, білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2 бала:

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрлысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

 3-бала:



Иә, Нұрсұлтан Назарбаев балалық шақпен қоштасып үлкен өмірге қадам басты. Құрыштай қайнаған Қарағанды металлургия заутында жұмыс істеді. Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатта партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

4-бала:

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

• 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алады.


«Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. 
• 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.•1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді. 
• 1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
• 1998 жыл 10 маусым Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.
• 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жаңарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет