жағдайын түзетуге арналған өкімет тарапынан жекелеген
жеңілдіктердің болуы.
2. Үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау.
3. Кәсіподақтардың өз көзқарасын өкіметтің саясатымен
сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен
бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды
өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан
қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін
немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады.
Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады. Көбінесе қозғалыстар стихиялы
түрде пайда болады. Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси
қозғалыстар:
Консервативтік.
Реформистік.
Революциялық.
Контрреволюцялық болып бөлінеді.
Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және
мынадай сатылардан тұрады:
Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі – «Халық майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар,
әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің
мүддесін қамтитын мәселерді шешуге бағытталған
бірлестіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық
принциптердің негізінде құралады және жұмыс істейді.
Онда қатаң айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі
болмайды. Оның құрамында қалың бұқара халықтың
мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін.Халық майдандарының мынадай түрлері бар:
Қоғамдағы батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған
халық майдандары.
Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар
Қазіргі уаққыта мынадай саяси қозғалыстар бар:
Консервативтік бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу,
оны сынсыз қабылдау, сонымен қатарлы дәстүрлі саяси формалар мен институттарға ерекше сенім арту:
Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды
бірте – бірте реформалауды мақсат етеді:
Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді демократиялық
тұрғыда шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни,
бейбітшілік және т.б. ұйымдардың қызметі:
Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттік капитал
мүддесіне бағыну, қызмет ету, жеке- дара белсенділікті,
әлеуметтік - теңсіздікті қолдау, дәстурлі моралдық
мұраттарды дамытуды көздейді.
Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар қоғамның
әлеуметтік-экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер жасау арқылы дамудың прогрессифті жолына түсуді
көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар.
Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық
қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған
мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады.
Егемендік, тәуелсіздік алу қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың жұмысын түбірінен қайта құруға объективті негіз қалады. Ұйымдар мен қозғалыстар саяси процеске тартылды, өмірді өзгерту және жақсарту олардың іс-әрекетіне де байланысты деген түсінік әрбір адамның санасына ене бастады.Бұл-тоталитарлық саяси режімнен демократиялық өмірге енудің айғағы болды. Бұқараның іс-қимылының артуына, көптеген саяси-қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың өмірге келуіне жағдай жасады.