Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және үрдістері



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата19.05.2022
өлшемі320,93 Kb.
#144098
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
aleumettany
4-ші сабақ Редакторға кіріктірілген объектілер
Іріктелген жиынтық – 
берілген ережеге сәйкес қатаң іріктеліп алынған басты 
жиынтық элементтерінің белгілі – бір саны. Зерттеуге жататын ( сауалнама
интервью алу және с.с ) іріктелген жиынтықтың элементтері ( респонденттер, 
талданатын құжаттар және с.с ) талдау бірлігі болып табылады. Олар жекелеген 
адамдар да, сол сияқты тұтас топтар да (студенттік ), жұмыс ұжымдары да болуы 
мүмкін. Ең бірінші кезекте барлық топқа тән элементтер іріктеу бірліктері деп 
аталады. Осы әдісті негізінен механикалық іріктеме деп атайды. Мұндай іріктеме 
кезінде іріктеу 10, 20, 50 және т.б адам арқылы жүргізілуі мүмкін. Ірітілетіндер 
арасындағы аралық іріктеу қадамдары (
таңдау қадамдары) 
деп аталады. 
Іріктеме мақсатты болуы да мүмкін, мұнда зерттеуші адамдарды топты зерттеудің 
қойылған мақсаттарына орай сауалнама үшін іріктеп алады. 
Кездейсоқ 
іріктеу - 
халық құрылымының әрбір элементі оған біркелкі ықтималдылықпен қосылуы 
мүмкін. Әрине, іріктеу көлемі репрезентация қателігіне әсер етеді. Іріктеу шамасы 
қаншалықты көп болса, ықтимал қателесу соншалықты аз болады. Үлкен 
іріктеумен сауалнама жүргізу өте қымбатқа түседі, мамандардың дәлелдеуінше
басты жиынтықтың 10%-ін іріктеме жиынтыққа қосу іс жүзінде өзін-өзі ақтаған. 
Мұндайда респонденттердің ( ағылш. Response – жауап ) саны 2-2,5 мың адамнан 
аспауы тиіс. Телефонмен сауалнама жүргізу кезінде миллион тұрғыны бар қалада 
300 адамға сауалнама жүргізсе жеткілікті. Шағындау қалаларда іріктеме көлемі 
150-200 адам болса да болады. 
Басты жиынтықтың сипаттамасынан анық ауытқулардан қашқан жөн. Мұндай 
жағдайда зерттеу нәтижелері жалған болуы мүмкін. 
Социологиялық зерттеу жүргізуде ұғымдық аппараттарды, яғни зерттеу тілін 
әзірлеудің маңызы зор. Мұндайда маңызыды ерекшеліктер негізгі ұғымдарда 
түсіндіру рәсімі болып табылады, осы ұғымдар арқылы олар оның мазмұның 
сипаттай алатын құрамдас бөліктерге бөлшектенеді.
Ғылыми талдау және теориялық бағалау нәтижелері, әдетте, жинақталады және 
ғылыми есепте баяндалады. Мұнда алынған зерттеу нәтижелерінің мәніне теория 
мен практиканы ары қарай дамыту үшін баға беріледі. 
Социологиялық зерттеу әдістері. 
Социологияның өз саласында әр түрлі тұрғыдан пайдаланылатын сан алуан 
әдістері бар. Олардың бір бөлігі этнографиядан, статистикадан, психологиядан 
алынған, көпшілігі социологиялық танымдық іздестіру 
құралының 
сипатын 
дарытқан. 
Эмпирикалық ақпаратты жинау мынадай әдістер арқылы жүргізіледі: құжаттарды 
талдау, бақылау, тәжірибе жасау, сауалнама жүргізу ( ауызша - интервью, жазбаша 
–саалнама беру, сараптамалық – құзіретті тұлғаларға сауалнама жүргізу).
Осы әдістердің сипаттамасына қысқаша тоқтала кетейік.


Құжаттарды талдау. Құжат - мәтінді, таспада, дискетте және с.с-да белгіленген 
ақпаратты беру және сақтау үшін арнайы жасалған зат.
Құжат түрлерінің жіктемесі:
НЕГІЗ
ТҮРЛЕРІ
МЫНАЛАРДАН ТҰРАДЫ
1.Белгілеу тәсілі 
Мәтәндік 
иконографилық 
статистикалық 
фонетикалық
Өнер, баспа, фото 
киноқұжаттар, магнитафон, 
жазбалар, ЦСУ (ОБЖ) 
жинақтары
2. Мәртебесі 
(авторлық)
Ресми
Бейресми 
Қаулы, бұйрықтар, 
жоспарлар, хаттар, 
күнделіктер
3.Бірегейлену 
дәрежесі 
Жеке
Жеке емес
Өмірбаяндар, сауалнамалар, 
шағымдар және басқалар; 
есептер, анықтамалар
мұрағаттар
4. 
Функциональды
Ақпараттық
Реттегіш
Статистикалық есептер, 
заттама, бұйрықтар, 
телефонограммалар
5. Мазмұны
Тарихи
Құқықтық 
Экономикалық 
және басқалары
Оқиғаны сипаттау, оқиғаны 
бағалау жағдайды белгілеу
6. Ақпаратқа 
жақындық 
дәрежесі
Бастапқы 
қосалқы
Стенограммалар 
анықтамалар, жинақтаулар
Құжаттарды талдау кезінде ресми құжардың ресми емес құжаттарға қарағанда 
барынша шынайы; жеке құжаттардың, жеке емес құжаттарға қарағанда сенімді, 
бастапқының қосалқыға қарағанда сенімді екендігін есте сақталғаны жөн.
Құжаттарды талдау әдістері былайша бөлінеді: дәстүрлі ( мұнда: жалпы және 
арнайы) және қалыпқа келтірілген ( мұнда: контент- талдау, жаднама – сұрақнама).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет