Социологиялық сауалнама - социологиялық ақпарат алудың негізгі әдісі.
Сауалнама социологиялық деректерді сұрақ – жауап әдісімен жинауды білдіреді, мұнда ақпарат көзіне адамдардың ауызекі хабарлары жатады жатады.
Сауалнамалар, егер олардың қоғамдық пікірді зерттеудің ғылыми әдісі формасын алған сәтті есептейтін болсақ, ол үш жылдық даму жолынан өтті. XVII ғасырдың ортасында-ақ француз математигі Б. Паскальдің және кейіннен итальян оқымыстысы И. Бернуллидіңі күш салуымен көпшілік сауалнамаларда іріктеу тоериясы сүйенетін үлкен сандар және ықтимал есептеулер заңы тұжырымдалды.
1660 жылы қос ағылшын Дис. Граунт пен У. Петидің ынтымақтасуымен жаңа зерттеу саласын құру аяқталды, олар оны « саяси арифметика» деп аталады, кейіннен ол « статистика» және «социология» деп аталады.
Қазіргі кезде бұл әдіс бастапқы ақпаратты жинаудың барынша кең таралған әдісі, яғни «алғашқы қолдан алынған» ақпарат әдісі болып отыр. Осы әдісті қолдану өнері нені сұрауды, қалай сұрауды, сұрақты қалайша қоюды және алынған жауапқа сенуге болатынына қалайша көз жеткізуге болатынын білуден тұрады. Мәселе осындай әдіспен респонденттерден алынған ақпараттың зерттелетін ақиқатты тек олардың санасында «ұйғарылған» түрде ғана көрсететінінде болып отыр. Сондықтан зерттеу мәні болып табылатын объективті ақиқат пен адамдардың мінез-құлықтары, оқиғалар мен құбылыстар туралы фактілері туралы пікірлерін көрсететін деректер арасында теңдік белгісін қоюға болмайды. Бұдан әлеуметтік тәжірибенің адамдар санасында әр түрлі жағы бейнелену процесінің ерекшелігіне байланысты сауалнама әдісі арқылы алынған ақпараттың бұрмалануы мумкін екендігін әрқашан ескеру керек екендігі аңғарылады.
Сауалнама нұсқалары ( байланысу формалары бойынша):
1.Жеке немесе жанама түрде ( таралатын, почталық, телефон, баспасөз арқылы).
2.Жеке немесе топтық.
3.Еркін немесе қалыпқа келтірілген, шоғырландырылған (бағытталған).
4.Ауызша немесе жазбаша.
5.Тұтас немесе іріктеме.
6.Тұрғылықты жері немесе жұмысы бойынша, уақытша мақсатты аудитория.
Сұрақтарды жіктеу
Мазмұны бойынша
|
Формасы бойынша
|
Құрылымы бойынша
|
Функциясы бойынша
|
Оқиғалар туралы
|
Тікелей
|
Ашық
|
Негізгі
|
Сарыны туралы
|
жанама
|
Жабық
|
Байланыс
|
Бағалау туралы
|
|
Жартылай жабық
|
Бақылау
|
Пікірлер туралы
|
|
|
сүзгіш
|
Бақылағыш сұрақ қоюға да болады (тапсырма: негізгі сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыстығын тексеру, бақылау сұрақтарының арасында 3-4 аралық сұрақ тұруы мүмкін): Сіз өз жұмысыңызға қаншалықты дәрежеде қанағаттанасыз? Сіз басқа жұмысқа ауысуды қалар ма едіңіз? (бақылау).
Мынадай да түрі кездеседі: сұрақ-қақпан ( тапсырма: респонденттер жауаптарының шынайылығын, дұрыстығын тексеру): Сізге Ф. Косттың «Өркениеттің опат болуы» кітабы ұнады ма? ( авторы, атауы ойдан шығарылған).
Зерттеу бағдарламасында тұжырымдалған сұрақтар таратылуы бастапқы социологиялық ақпаратты, анкетаны алуға мүмкіндік беретін арнайы құжатқа салынады.
Анкетаның композициясы.
Анкета ( enquete деген француз сөзінен шыққан - зерттеу) – өзіндік ерекшелігі бойынша респондентпен әңгімелесу сценарийі, бұл осы әңгіменің тікелей (интервью) немесе сырттай (анкета тарату) болуына байланыссыз болады.
Анкета үш бөлімнен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі ( мазмұнды бөлім) бөлім және әлеуметтік – демографиялық бөлім.
Кіріспе, әдетте, респондентке қысқаша хабарласудан тұрады; «Сіздің сауалнамаға қатысуыңызды өтінеміз. Сізге сұрақты оқып шығып, өзіңіздің пікірлеріңізге сәйкес келетін жауаптың реттік номерін шеңбермен қоршауыңыз немесе өз жауабыңызды бос жолға жазуыңызға қажет. Нәтижелер компьютерде өңделеді, сондықтан анкетада фамилияны көрсетудің қажеті жоқ. Сұрақтардың бірде-біреуін жауапсыз қалдырмауыңызды сұраймыз. Қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз».
Кіріспе бөлімде сондай-ақ мынадай әңгімені бастайтын, оған әңгімелесуші респондентті жетелейтін «жетелегіш» - сұрақтар да орналасады. Олардың міндеті – респондентті қызықтыру, талқыланатын проблемаға енгізу.
Барынша күрделірек, талдауды, ойлануды, жадын жаңғыртуды талап ететін сұрақтар анкетаның ортасына орналастырылады (негізгі бөлім). Мұнда әрбір сұрақтың сапасын мұқият талдау қажет:
а) не туралы сұрауды;
ә) неліктен тап осыны;
б) қандай формада;
Әрбір сұрақ бойынша мынаны ескеру керек: сұрақ зерттеу тақырыбына «жұмыс істей ме?». Сұрақ сауал қойылып отырған адамға зерттеуші көздегендей мағынада ұғыныла ма? Сұрақ «төтеннен» болып табылмай ма? Оң және теріс позициялары тепе-теңдігі сақталған ба? Сұралатын адамға теріс эмоция тудырмай ма? (Өзіндік сезіміне әсер етеді, интимдік жақтарына кіреді, әр түрлі қауіптену сезімін тудырады т.б.)
Сондай-ақ сұрақтарды орналастыру принциптерінің сақталуына да назар аударылады ( байланысы, күрделі, қарапайым, салмақ түсіретін). Бір сарындылық сезімін шақыратын біркелкі сұрақтар жинақталып қалған жоқ па? Анкетаның көлемі респондент пікірін айта алатындай және жалықпайтындай болуы керек, тәжірибе көрсеткендей ең оңтайлы жұмыс мерзім 20-30 мин болады.
Анкетаның үшінші бөлімі әлеуметтік демографиялық ( «паспортичка»). Бұл сұралатын адамның объективті жағдайы мен мәртебесі туралы сұрақтар блогы. Мұндай мынадай сұрақтар қойылады:
11. Сіздің жынысыныз:
11.1. Ер 11.2. Әйел
12. Сіздің жасыныз:
12.1. 18 жасқа дейін 12.2. 21 жасқа дейін және т.б.
13. Сіздің біліміңіз:
13.1. Орташа 13.2. Жоғары 13.3. Жартылай жоғары
14. Сіздің кәсібіңіз: ( осындай схемада респонденттердің ықтимал кәсібі аталады).
Достарыңызбен бөлісу: |