Тақырыбы: ЕСІМШЕ, КӨСЕМШЕ, ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК ЖӘНЕ ЕТІС, РАЙ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Орындаған: Нұрбосын Назерке, 404-топ
Тексерген: Беласарова. Ж
Көсемше
Көсемше екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады: 1) күрделі етістіктің құрамында келіп, негізгі іс-әрекетті білдіреді. 2) қимыл-әрекеттің әртүрлі сипатын, амал-тәсілін, себеп-мақсатын білдіреді. Мысалы, Тапсырманы орындап болды. Орындап болды – күрделі етістік; орындап – негізгі іс-әрекет; болды – көмекші мәндегі етістік. Әңгімені құмарта тыңдады. Құмарта – қалай? Іс-әрекеттің амал-тәсілін білдіріп тұр.
Көсемше 3 түрлі жолмен жасалады: 1) -а, -е, -й жұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жасалады. Мысалы, Боран соғады, мал төлдейді, ит үреді;
2) -ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Мысалы, Сыпайы сызып айтады, шорқақ үзіп айтады. Көсемшелер: сызып, үзіп айтады.
3) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақтары келер шақ көсемше жасайды. Мысалы, айтқалы отыр, кеткелі жатыр, оқығалы жүр, келгелі отыр.