- дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады. 1) Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
2)Гимнастика.
2)Гимнастика.
Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика. Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
3)Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. 4)Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы.
5) Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Үй тапсырмасы
№1 тапсырма
Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасына нелерді жатқызасыз?
№2 тапсырма
Жағдаят: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі үй тапсырмасын орындамаған, үлгерімі жақсы оқушыға «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойды. Сабақ соңына дейін жылап отырған оқушыны көрген мұғалім, оның бағасын «өте жақсы»деген бағаға түзетті.
--- Осы жағадаятты қарым-қатынас этикасы тұрғысынан талдаңыз.
№3 тапсырма
№3 тапсырма
Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: спорт секциялары мен үйірмелердегі сабақтар, спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары. Осы формалардың біреуіне тәрбиелік іс-шара жоспарын құрастырыңыз.