Тақырыбы: Ғажайып музыка әлемі Мақсаты: дыбысты есту, есте сақтау қабілеттерін арттыру, музыкалық көңіл- күй сезімін ояту.
Керекті құралдар: музыкалық аспаптар, сандықша, үнтаспа, кеселер.
Сабақтың барысы: Музыкамен балалар топқа кіреді. Мұғалім алдарында музыка патшайымы болып киініп күтіп алады.
Әнмен амандасу: Сәлемет пе балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе апай!
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабағымыз ғажайып музыка әлемінде өтпекші. Қазір барлығымыз көзімізді жұмып отырсақ, менің сиқырлы таяқшам бәріңді музыка әлеміне апарады.
Музыкамен балаларды сиқырлы таяқшамен ояту.
Мұғалім: Ал, балалар, ғажайып музыка әлеміне қош келдіңіздер мен қуаныштымын. Сендерге бұл жер ұнады ма?
Олай болса, қуанышымызды шаттық шеңберіне тұрып білдірейік.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сенде
Қонақтамыз біз бүгін
Музыка әлемінде!
Қырт-қырт басқан қардың дауысы естіледі.
Мұғалім: бұл ненің дауысы балалар?
Балалар: қардың дауысы ғой
Көңілді музыкамен ентігіп қорқа жүгіріп қоян келеді.
Мұғалім: балалар бізге кім келді? Сәлеметсің бе қоянжан, ентігіп қалыпсың ғой, не болды?
Қоян: Мына жақтан музыканың дауысы естілген соң асықпай келе жатқан ем, бірақ, жаңағы жағымсыз бір дауыстан қорқып кетіп қашамын деп ентігіп қалдым, мен қайдамын?.
М: Біз бүгін музыка әлемінің қонағымыз. Музыка әлемінің бізге дайындаған тосын сыйларына көз жеткізбекпіз. Ал жаңағы жағымсыз дыбыс қар адамының жүрген ізі сияқты, ол да музыка тыңдап жүрген болар. Келе ғой сен бізбен бірге бол. Балалар қоян шаршап қалыпты, ол ентігін басқанша біз оған «Сұр көжек» әнін айтып берейікші. Өткен сабақта үйретілген «Сұр көжек » әнін орындату.
М: Жарайсыңдар балалар.
Музыка адамның рухани байлығы. Әртүрлі әуен тыңдау арқылы адамның көңіл- күйін де өзгертуге болады. Кез-келген жағдайды музыкамен жеткізуге болады. Ал, музыкалық әуен барлық жерде де кездеседі. Мысалы: судың аққан сыбдыры, желдің соққан гуілінен, жаңбырдың жауған сыртылынан, тіпті кез-келген затты таяқшамен соғу арқылы дыбыстан ырғақ, әуен шығаруға болады екен.
Қ:Нота патшайымы ал мына жерде тұрған заттар маған таныс , бірақ не екенін есіме түсіре алмай тұрмын.
М: ол біздің күнделікті пайдаланып жүрген кесеміз.
Қ: сонда кеселер музыка әлемінде неге жүр? Оның сыры неде?
М: міне жаңа ғана айтқанымдай оларды соғу арқылы әуен шығаруға болады. Балалар мұқият тыңдаңдаршы, бұл қай әннің әуені?
Таяқшамен әртүрлі көлемдегі кеселерді соғу арқылы «Ақ күшік» әнінің әуенін шығару. Балалар табу керек. Және сол әнді орындату.
М: Қоянжан саған ұнап жатыр ма?
Қ: әрине, мен қатты қуаныштымын.
М: ендеше балалар, мына жердегі бірнеше аспаптарды алып әрқайсысымыз дыбыс , әуен шығарып көрелік.
Балаларға арналған кішкентай аспаптарды таратып, «Ақ мамам» әнінің қайырмасын салу. Ля,ля ля , ля, ля ля, ля, ля ля,ля
М: балалар сендерге ұнады ма? Олай болса бүгінгі сабағымызды «Егер саған ұнаса...» әнін үйренеміз. Мені қайталаңдар.
Егер саған ұнаса, былай жаса ( 3 рет саусақты сыртылдату)
Егер саған ұнаса, былай жаса (3 рет шарпалақтау)
Егер саған ұнаса, көрсет оны басқаға (бір-біріне қарау)
Егер саған ұнаса, қайтала (саусақ, шапалақ)
Қ:Манадан бері мына сандықшаға қарап тұрмын, мұныңда бір тосын сыйы бар шығар.
М: Мүмкін, қане көрейік. Бірақ, мына сыртындағы жұмбақты шешпесек ашылмайды.
Екі ішекті, ұзын мойын
Пернесін бассаң күй шығар.
Бар қазақтың атқарған тойын
Бұл не екен балалар?
(домбыра)
М:жарайсыңдар балалар. (музыкамен сиқырлы сандықша ашылады).
Құрастыру ойыны: сандық ішіндегі қиынды қағаздарды құрастырып, домбыраның суретін шығару.
М: бұл не? (домбыра. Қазақтың ұлттық аспабы)
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабақта өздеріңді өте жақсы көрсете алдыңдар, музыка әлемінің керемет қонағы болдыңдар. Қоян саған бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
Қ: әрине, бәрінен де мен бүгінгі күнімді сендермен өткізгеніме өте қуаныштымын. Менің қорқып, қашып жүріп сендерге келгенімнің өзі ғажайып болды. Мен неше түрлі ән тыңдадым, ойын ойнадым, жұмбақ шештім, көптеген жаңалықтар көрдім.
«Егер саған ұнаса» әнін қайталату.
Қ: Балалар, сендер өте өнерлісіңдер. Осы қуанышымды жеткізу үшін мен сендерге сыйлық бергім келеді.
М: қандай керемет балалар, тіпті қоянда бізге тосын сый жасады.
Әуенмен рахмет айту.
М: жарайсыңдар балалар , бүгінгі сабағымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңдар!