Партизан қозғалысы – жау басып алған территорияда өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі және әлеуметтік өзгерістер жолындағы халықтық күрестің бір түрі; оған жау тылында қимыл жасаушы әскери бөлімдер де қатысуы мүмкін.[1] Партизан қозғалысының түрлері:
қарулы күрес,
саботаж,
диверсия,
өкімет органдарының беделін түсіруге бағытталған үгіт-насихат.
Партизан қозғалысына халық ерікті түрде қатысады, қаруланған топ күресте жергілікті тұрғындарының көмегіне сүйенеді. Партизан қозғалысы шетел басқыншыларына да және ішкі жауларға да қарсы жүргізілуі мүмкін. Қанаушылардың үстем тапқа қарсы азамат соғысы кейде партизан қозғалысы түрінде өтеді. Партизан қозғалысының міндеті халық бұқарасының ұлт-азаттық немесе әлеуметтік қайта құрылыс жолында күрес жүргізіп отырған нақты тарихи жағдайлармен белгіленеді. Партизандардың қарулы күрес әдістерінің негізгі түрі – жауға тұтқиылдан шабуыл жасап, дұшпанды материалдық жағынан неғұрлым көп шығынға ұшырату.
Достарыңызбен бөлісу: |