Тақырыбы: Ғылыми білімдер жүйесіндегі педагогика Тапсырма


) Ғылым категориясын анықта



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі18,51 Kb.
#83257
1   2   3   4
Байланысты:
кейс3

3) Ғылым категориясын анықта
Ғылым — адам қызметінің шеңбері болғандықтан, оның нәтижесі ақиқат критерийіне жауапты шыңдық туралы жаңа білім.
Расселдің пікірінше: «Ғылым адамы (мен түгелдей бәрін атап тұрғаным жоқ, яғни ғылым адамдарының көбі ғалым емес,- мен ғылым адамы туралы, оның қандай болуы туралы айтып тұрмын) – бұл ықыласты, абайлы, бірізгілікті, ол тек өз тәжірибесіндегі қорытындыларға сүйенеді және түгел жалпылауға дайын емес, ол теорияны тамаша, симметриялы және синтетикалық сипатта болғандығына қарап қабылдамайды; ол оңы бөлшектеп және қосымша зерттейді».
Рассел ғылым туралы түсінік бере отырып, ғылым — ол ең алдымен, көптеген бөлек мәліметтерді байланыстыратын, жалпы заңдылықтарды табуға ұмтылатын жалпы заң. Ғылым ақиқатты іздестіретін өнермен тең, бірақ ол өнерде жоқ практикалық манызға ие. Осыған орай ғылыми білімдердің қорғансыздық ерекше формасы пайда болады, яғни ғылым, өз жемісінің қалай қолданатының шешпейді. Ғылым адамдарға әдепті емес, мақсатқа жету жолын нұсқайды. Ал мақсат пен оған жету тілектері арасындағы қалау өмір түріндегі әдеп болып келеді. «Ғылым» деген термин бүгінгі күні ғылыми әдіспен алынатын білім жиынтығы. Ғылыми таным теориямен ғана жіктеліп қоймайды, ол ақиқатты іздестіру жолы. Ғылым адамның іс-әрекеті болғандықтан әдістермен сипатталады. Шыңдықты практикалық және теориялық игерудің тәсілдер мен операциялар жиынтығын «әдіс» деген ұғыммен белгіленеді. Осындай тәсілдер мен операциялар зерттеушінің қылықтарын басқаратың міндетті норма, ереже қасиеті деп аталған. Зерттеу нормасын кеңінен Т.Кун былай түсіндіреді. Ол ғылымның екі жағдайы бар бірі төнкеріс фазасы, екіншісі «қалыпты ғылым». «Қалыпты ғылым» бірсыпыра бұрынғы ғылыми жетістіктерге мықты сүйенетің зерттеу. «Қалыпты ғылым» деген терминмен «парадигма» деген термин байланысты. Парадигма – жаппай қабылданған эталон, заң, теория, оны практикалық қолдануы, әдіс, жабдық т.б. кіретін ғылыми зерттеу үлгісі. Бұл — ескі парадигманы жойып, оның орнына жаңасын еңгізетін ғылыми қоғамда қабылданған ғылыми іс-әрекеттің ережесі және стандарты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет