Тақырыбы: Ғылыми зерттеу әдістері



бет4/5
Дата18.05.2024
өлшемі0,51 Mb.
#202517
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тарихи зерттеу әдістері

Модельдеу әдісі

  • Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады

Далалық зерттеу әдісі

  • Далалық әдістер - далалық жағдайда жүргізіледі, популяциялар мен олардың қауымдастықтарын табиғи ортада зерттейді. Әдетте мұндай жағдайда физиологиябиохимияанатомиясистематика және т.б әдістері қолданылады. Далалық әдістер арқылы организмге немесе популяцияға әртүрлі факторлардың әсерін, белгілі бір жағдайдағы түрдің тіршілігі мен дамуын анықтауға болады.

Тарихи әдіс

  • Қоғамдық құбылыстарды зерттеуде кең тараған жалпығылыми сипаттаушы әдісі. Бұл әдіс маңызды, тұрақты, қайталанбалы заңды байланыстарды анықтау мақсатында саяси өмірдің қандай да бір құбылыстарының пайда болуының, дамуының, қызмет етуінің шынайы бейнесін қайта жасау үшін тарихи ғылымдардың түсініктері мен үғымдарының көмегіне жүгінеді. Тарихи әдіс сипаттаушылығымен, фактілерді жүйелеуге ұмтылуымен және осының негізінде құбылыстардың дамуының ішкі қисымын (логикасын) табуымен құнды. Тарихи әдіс — саяси қатынас субъектілерінің барлық іс-әрекеттері өткен және саяси идеялары жүзеге асқан кеңістік пен уақыттағы өркениеттің саяси тарихын зерттеудің негізгі әдісі

Сауалнама жүргізу әдісі

  • Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сонымен бірге сауалнама жазбаша және ауызша деп те бөледі. Сауалнама тиімділігі тұрақты сұхбат алушы және сауалнамаға қатысушылардың болуынан тәуелді. Жалпы сауалнама нәтижелері тек ғалымдарға ғана емес, сонымен бірге өкіметтік және қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, жалпы қауымға да белгілі болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет