Тақырыбы: Ғылыми зерттеу әдістері



бет3/5
Дата18.05.2024
өлшемі0,51 Mb.
#202517
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тарихи зерттеу әдістері

Сандық әдіс

  • Сандық әдіс - қазіргі математика мен есептеуші техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, әлеуметтанулық мәлімет жинақтауда қолданылатын әдістер, тәсілдер, процедуралар жиынтығы. Сапалық талдаулармен тығыз байланыста болады. Саясатта, әлеуметтік басқаруда іс жүзінде әлеуметтанулық білімді қолдана отырып, статистикалық және динамикалық заңдылықтарды терең зерттеуде маңызды рөл атқарады.

Бақылау әдісі

  • Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақсаяхатлабораториядағышеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай Бақылау әдісі пайдаланылады

Аэроғарыштық әдіс

  • Аэрофототопография - аэрофототүсіріс материаддары бойынша топографиялық карталарды жасаудың әдістерін және құралдарын зерттейтін және жасайтын топография тарауы. Аэрофототопография тақырыбына мыналар енеді: жеке аэрофотосуреттің және стереоскопиялық жұптың геометриялық қасиеттерін зерттеу; аэрофотосуреттер бойынша топографиялық картаның және фотопланның түпнұсқаларын жасау әдістерін жете зерттеу; аэрофотосуреттерді бажайлаудың далалық және камералық әдістерін белгілеу; далалық дайындау нүктелерінің ең аз санын анықтау және оларды аэрофотосуреттерді өндеу немесе фототриангуляцияны дамыту тәсіліне байланысты өте тиімді орналастыру мәселелері; топографиялык карталарды жасау немесе аэрофотосуреттерді өндеудің жеке процестерін орындау үшін фотограмметриялық аспаптарды жасау; картографиялау мақсатында аэрофотосуреттерді алуга арналған аэрофототүсірулік аппаратураға және фотографиялық материалдарға катысты техникалық талаптарды талдап белгілеу; есептеу техникасының дамуьша байланысты фотограмметриялық және геодезиялық координаталар арасындағы аналитикалық байланыстардың ең қолайлы формулаларын шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет