АҚПАРАТТАРДЫ ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ
Монитор
Плоттер
Принтер
Сыртқы жүйелер
Магниттік пайдаланушылар
Бейнефильмдер мен слайдтар
3. ГАЖ-бен жүзеге асырылатын операциялар
3. ГАЖ-бен жүзеге асырылатын операциялар
1. Деректерді енгізу – геоақпараттық жүйелерде технологиялық циклдің мерзімін маңызды түрде қысқартатын автоматтандырылған сандық карталарды құру процесі.
2. Деректерді басқару – геоақпараттық жүйелер кеңістіктік пен атрибутивті деректерді әрі қарай талдау мен өңдеу үшін сақтайды.
3. Деректерге сұраныс пен талдау – геоақпараттық жүйелер картада орналасқан объектілердің қасиеттері жөніндегі сұраныстарды орындайды. Мағлұматтарды алу немесе құбылыстарды болжау үшін көптеген параметрлерді салыстыра отырып, күрделі талдау процестерін автоматтандырады.
4. Деректерді көзбен шолу (визуализация) – деректердің қолайлы түрде берілуі, олардың талдану сапасы мен жылдамдығына тікелей әсер етеді. Объектілердің жағдайы жөніндегі есеп графиктер, диаграммалар, үшөлшемді бейне түрінде жасалуы мүмкін
ГАЖ-ды пайдалану салалары. Геоақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері әртүрлі қызмет салалары мен түрлі тапсырмаларды шешу үшін қолданылуы мүмкін. ГАЖ-ды пайдаланудың кейбір мысалдары:
ГАЖ-ды пайдалану салалары. Геоақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері әртүрлі қызмет салалары мен түрлі тапсырмаларды шешу үшін қолданылуы мүмкін. ГАЖ-ды пайдаланудың кейбір мысалдары:
Маркшейдерлік іс:
1. пайдалы қазбаларды игеретін кәсіпорындарды жобалау, салу және қайта құру жұмыстары үшін инженерлік іздеу мен топографиялық-геодезиялық жұмыстар;
2. мұнай-газ және рудалы кенорындарын өңдеу кезінде пайдалы қазба қорларын тиімді алу үшін олардың сандық модельдерін құру және пайдалану;
3. минералды ресурстарды тиімді пайдалануды, жер қойнауы мен пайдалы қазбалардың қоршаған ортасын қорғауды қамтамасыз ету бойынша мониторингті зерттеу жұмыстары;