Тақырыбы: «Атаулар сөздігіне» лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты талдау жасау. Орындаған:Бектұрғанова А. тексерген:Амиров А.
Алматы 2021 жыл
I.КІРІСПЕ БӨЛІМ
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1) «Атаулар сөздігі» жарық көруі,тарихы.
2)Сөздікке енгізілген терминдер (мысалдармен талдау).
III.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кез келген сөздіктің жасалуы кешенді түрде атқарылатын үлкен ғылыми мәселе, ал ұлттық тілдің аударма терминологиялық сөздігін түзу – әр уақытта ұлттық тілдің ғылыми тілдік өміріндегі елеулі оқиға болып табылады. Тарихи тұрғыдан қарастырар болсақ, ол көбінесе тарихи және ұлттық сана-сезімнің өсу кезеңімен, ұлттың қалыптасуымен, әдеби тіл мен оның нормасының тұрақтануымен байланысты келеді екен.
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Халық ағарту комиссариаты білім кеңесінің терминология комиссиясы 5000 дана таралыммен 1931жылы тұңғыш рет кирилл-латын графикасында жазылған «Атаулар сөздігін» шығарды [1]. Сөздікте филология, физика, заң, психология сияқты түрлі ғылым салаларына қатысты 8000 термин берілген.
Осы сөздік туралы 1934 жылы жазған рецензиясында А.Самойлович «Мен 1932 жылдың аяғында Қазақстанның астанасы Алматыда болғанымда бұл сөздік таптырмайтын (был библиографической редкостью) еді» [2] – дейді.
«Атаулар сөздігі» Алаш зиялыларының ұлттық терминологиялық қорды қалыптастыруда ұстанған қағидаттарына сәйкес жасалған соңғы басылымдардың бірі болғандықтан оны қайта бастырып шығарып, мамандардың, зиялы қауымның назарына ұсынуды ф.ғ.д., проф. Ш.Құрманбайұлы мен О.Жұбаева қолға алып, қазіргі кирилл жазуымен 2004 жылы кітап етіп 2-басылымы ретінде қайта бастырып шығарды [3]
«Атаулар сөздігіндегі» аудармалар бүгінгі уақытта да өз мәнін жоймай сол қалпында қолданылып келеді:
Достарыңызбен бөлісу: |