Тақырыбы: Химия ой мен ойын Мақсаты: 1



Дата22.06.2018
өлшемі22,3 Kb.
#44142
Ақтөбе обылысы, Байғанин ауданы, Көкбұлақ ауылы

Көкбұлақ орта мектебінің

Химия пәні мұғалімі

Өтемісова Гүлназия Болатбекқызы

Химия ой мен ойын

Тақырыбы: Химия ой мен ойын

Мақсаты:

1. Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, тәуелсіздік туралы түсіндіру, ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

2. Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.

3.Оқушыларды адамгершілікке, эстетика мен этикаға, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, тәуелсіздік туралы түсіндіру, Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құреттеуге тәрбиелеу.

Мұғалім сөзі: Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгін біз сіздермен Тарихқа құрмет - ұрпақа міндет айлық жоспары аясында «Тәуелсізбін. Егеменмін. Азатпын» атты апталық кезеңінде өткізілген ой мен ойын сайысымызға қош келдіңіздер!Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16желтоқсан-тарихтағы ұлы күн.Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді. Тәуелсіздік. Қандай қасиетті, ұғым.Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктеп, тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр.Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз, әліде берері тіпті мол- деп сайысымызды бастаймыз.Олай болса қатысушыларымызбен таныс болыңыздар. Қатысушыларды жеке- жеке таныстырып шығамын. Екі топ ұрандарын айтып топ басшыларын сайлайды.

Олай болса сайысымызды бастамас бұрын әділдікті дөп басып, салмақты шешімді кесіп айтатын әділқазылар алқасын сайлап алайық.



1.Бетпе-бет топ басшыларының сайысы. Екі топ капитандары ортаға шақырылады команданың өзге ойыншылары жасырылған бір сөзді бірдей кезектесе отырып өз топбасшысына түсіндіреді. Қай капитан бірінші боп тапса соның тобына ұпай есептелінеді. дұрыс сөз 5 ұпайға тең. Жасырлатын сөздер. Атом, су, иілгіштік, жылу, айырлу реакциясы, қоспа, тұндыру, зат, иод, масса, қант, сынауық, бор, мұз, созылғыш, қышқыл, реттік нөмер, құм, қыздыру, айдау, сынғыш, қосылу реакциясы, ертінді, темір, топ.

2.Суреттер сөйлейді ойыншылар кезекпен өз командаластарына жасырылған белгілі мақалдарды сурет салу арқылы түсіндіру керек. Әр ойыншыға 1 мақал және 30 секунд уакыт беріледі, әбір дұрыс жауап 10 ұпайға тең.

1- топқа


1.Қойдың сүті – қорғасын.

2. Темірді қызған кезінде соқ.

3. Аз сөз- алтын ,көп сөз күміс.

4. Мылтықтың күмісін айтпа,тиісін айт.

5. Темір кессең ұзын кес,соға келе ұзарар,

Ағаш кессең ұзын кес,шаба келе қысқарар.

2- топқа

1. От көмір жейді,тот темір жейді.

2. Жер – қазына , су – алтын

3. Алтын жерден, батыр - елден.

4. Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын .

5. Арпа бидай ас екен, алтын-күміс тас екен.

3.Хронология бұл байқаудың тапсырмасы фотосуреттерде ұсынылған картиналарға қатысты жауаптар тақтада ұсынылган сандарда ойыншылардың мақсаты берілген 1 минут уақыт ішінде фотосуреттер мен сандардың дұрыс сәкестіктерін табу. әбір дұрыс жауап 10 ұпайға тең.

1- топқа


1. Д.И.Менделеев периодтық кестені қай жылы ұсынды? 1869ж

2.Темірде қанша нейтрон бар? 30

3. Италян ғалымы А.Авогадро өз атымен аталатын заңын қай жылы тұжырымдады? 1811ж

4. Н.Назарбаевтың  туған  жылы? 1940 жылы

5. Қарағанды  металлургия  зауытының  өмірге  келген жылы? 1960 жылы 

6. Қазақстан  Президентінің  төсбелгісі  қанша  бунақтан  тұрады?  20

2- топқа


  1. Периодтық кестеде қанша топша бар? 2

  2. Озонды М. ван Марумь қай жылы ашқан?1785ж

3.Кавендиш сутегін қай жылы анықтады? 1776ж

4.ҚР-ның жаңа гимні қай жылы қабылданды? 2006ж



5Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға қай жылы енді? 1993ж

61993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді? 500 сом Ұпай сандары

Ұпай сандары.



4.Өлең сөздің патшасы әннің мәтіні мәнерлеп оқылады екі командадан бір-бір қатысушыдан шығып әннің атауы мен орындаушысын табу керек ұпай бірінші болып тапқан ойыншының командасына есептеледі. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпай.

1.Астанам көп қараймын мен келбетіңе

Болғансың жас қайыңдай өз тербетіле,

Жаннаттай жан біткенді елжіретесің

Біз үшін жаннат қала сен жер бетінде.

Елімнің жүрегі- Астана.Алтынай Жорабаева

2.Бір кемеде келеміз бірге жүзіп

Көргеніміз күнде той күнде қызық

Сұлу қыздар бар бізде, жігіттерде бар,

Теуіп кесте темірді жүрген үзіп

Төреғали Төрәлі Қазақ жастары

3.Жұлдыздар жерге жақындап,

Байланып қалған секілді,

Қаз қатар өскен тату бақ

Ойланып қалған секілді. Алматы түні Дос мұқасан

4.Желтоқсан бірде,

Ел тоқсан түрде,

Келетін мүлде жайдарлы,

Сол жылы бірақ

Әдеттен жырақ

Көрінді шын ақ айбарлы. Желтоқсан желі.

5.Жүрегің қазақ, сенесің бе?



Халқыңның қамы үшін, Аянба арысым.

Ақ болсын, пәк болсын кіршіксіз намысың.

Себебі, сен қайсар қазақтың Арысың, жанысың, бағысың, барысың Төреғали Төрәлі Жүрегің қазақ, сенесің бе?

6. Қосамын әнге атыңды, 
Тосамын әр хатыңды. 
Сағындым алма бағын, 
Арайлы Алматымды. 
Сағындым аққу үнін, 
Сағындым ақ гүліңді. 
Алматым, сыйладың сен, 
Шабытты шаттығымды. Муз арт Сағындым алматымды.

7. Мына байтақ әлемде

Қорған болар жан елде

Қабыландай қайратты жігіттерім бар елде

Бірі қыран қанатты бірі бөрі қабақты

Қамал болсын деп елге алла бізді жаратты.Біздің елде туған ұлдар.Әбдіжаппар Әлқожа

8.Той басталды Отырарда

Сұлу сырдың бойында

Кеудесінде оты жанған

Қызылқұмның Қойнында

Бұл аймақтың сұлулығын

Талай ақын толғаған

Осындай той Отырарда бұрын соңды болмаған.Отырардағы той.Бағдат Самиденова.

5.Сөз жұмбақ қатысушылардың көздері байланып қолдарына әр түрлі әріптер беріледі, жасырылған жұмбақтың жауабын қолындағы әріпке қарай табу басты шарт, сұрақпен бірге қатысушылардың әріптеріде ауысып тұрады. 30 секунд

әбір дұрыс жауап 30 ұпайға тең.

1.Медицинада емдеу мақсатында қолданылатын сәулелік ванна(радон)

2. Пластикалық хирургияда сынған сүйектерді бекітуге және адам бассүйегіндегі саңылауларды жабуға қолданылатын элементтер ( титан)

3.  Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан француз химигі (Пруст)

4. Гемоглобин құрамындағы элемент. ( темір )

5. Сұйық металл. ( сынап )

6. Ең қатты минерал? (Алмас)

7. Үй тұрмысында сәндік үшін қолданылатын бейметалл? (күміс)

8. Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент (мырыш)

9. Қандай элементтің тұрақты мекен – жайы жоқ? (сутек)

10. Адамға ең алғаш болған белгілі металл? (алтын)

Ұпай сандары

6. Бәрін білем команданың бір өкілі жасырылған танымал тұлға туралы білетін ақпаратын айтып түсіндіру қажет ойыншылар тапқан бойда келесі танымал тұлғаны түсіндіруге уақыт қалады. әбір дұрыс жауап 5 ұпайға тең.

1 .Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.

2.Абылай хан — 1771—1781 Қазақ хандығының 18-ші ханы. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. 

3.Тәуке хан (1635-1715) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы.

4.Абай — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. 

5. Тұрсынбек Қабатов - қазақстандық танымал актер, КВН-ның жарқын жұлдызы. Республикалық «Тазша бала», халықаралық «Шабыт» байқауының жеңімпазы, Қазақстанның бұрынғы «Астана.kz», қазіргі «Қазақтар» құрама командасының белді ойыншысы болған.



6.Нұржан Төлендиев- қазақстандық танымал актер, алдараспан театрының бұрынғы мүшесі, алты баланың әкесі.

7. "KeshYou" тобы - ең алғашында топ Маржан, Әнел, Зумрад есімді үш қыздан құралды.

8. Бәйтерек тобы  –елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірімен аттас қазақстандық танымал топ. 

Ұпай сандары



Қорытынды: Біздің басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз!Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып,қадірлей білгені абзал.Бүгінгі «Тәуелсізбін. Егеменмін. Азатпын» атты апталық өткізілген ой мен ойын сайысымызды осымен аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет