Алюминий гидроксидінің екідайлық қаситеттері күшті, ал галий гидроксидінің екідайлық қаситеттері әлсіз, индий гидроксиді сілті ерітіндісінде өте қиын ериді, талий гидроксиді екідайлық қасите көрсетпейді. ЭХ3 типті қосылыстарда байланыс көрші 3 атоммен үш гибридтік орбитальдардың sp2 бүркесуі есеьінен жүзеге асырылады және мұндай молекулалар жазық үшбұрышты құрылыста болады.ІІІ А топша элементтерінің металдық қаситеттерінің бір қалыпта өзгерісі байқалмайды. В-дан Al-ге өткенде металдық қасиет күрт күшейеді, Ga-де аздап әлсірейді де, қайтадан Tl өткенде біртіндеп өсе бастайды. Мұның себебі: Ga, In және Tl атомдарында (В және Al атомдарынан ерекшелігі) сырттан санағанда екінші деңгейде 18 электроннан болады.