«Болашақ» колледжі
БАЯНДАМА
Тақырыбы: ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРАКТИВТІ
ОҚЫТУ ӘДІСІН ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ
Дайындаған: Серикбаева С.К.
Тараз – 2015
ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСІН ОҚУ
ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ
Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - әрбір студентке информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, студенттерге осы білімді колледжде оқытылатын басқа ғылымдарының негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатикадан білім негіздерін меңгеру студенттердің жалпы ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.
Информатикадан білім беру негізін түсіну педагогикалық тәжірибенің атап айтқанда, информатикадан сабақ беру кезінде актив және интерактив әдістемелерді қолдануда көптеген маңызды мәселелерін шешу үшін сілтемелер жасайды. Соңғы жылдары колледжде информатикадан сабақ берудің тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік беретін әдістемелерді іздеу және кеңінен қолданыла бастады.
Колледжде оқу үрдісінде оқу пәнінің мазмұнының көлемін анықтаумен және сабаққа қажетті материалды іріктеумен қатар оқыту әдістері де ерекше маңызға ие.
Студенттердің жас ерекшеліктері мен пәннің мазмұнына сәйкес таңдалған әдіс
білімінің саналы да, баянды болуын қамтамасыз етеді.
Әдіс (гректің metodos – «қандай да бір нәрсеге жол» деген сөзіден шыққан) мақсатқа жету тәсілі дегенді білдіреді.
Оқыту әдісі - студент мен оқытушының арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.
Информатика курсының басқа пәндермен салыстырғандағы негізгі ерекшелігі – ол студенттердің компьютермен жүйелi жұмыс істеуі болып табылады.
«Әдіске» қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: “белгілі бір мақсатты көздеген оқытушы мен студенттер арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет”. Олай болса оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын студенттерге меңгертуде оқытушы мен студенттердің қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Оқытушы оқыту әдістерінің көмегімен студенттерге білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін студенттердің таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Оқытушы оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады. Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады. Оқу кітаптары - оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б. Көрнекі құралдар - кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық- географиялық карталар т.б. жатса, ал техникалық құралдарға компьютер, интерактивті тақта және т.б. мультимедиа құралдары жатады.
Студенттердің танымдық белсенділігін құруда сабақтардың дәстүрлі емес түрлері үлкен мәнге ие, қазіргі білім беруді дамыту үрдісі сабақтың түрлі модельдерін және қарқынды дамитын білім берудің әдістерін қолдануды талап етеді. Информатика пәнініңкез келген оқытушыі өз қызметінде студенттерді оқытудың дәстүрлі емес әдістерін қолданады.
Информатика сабағында студенттердің өзара қарым-қатынасын және шығармашылығын арттыру үшін интерактивті әдістің ролі ерекше. Сол себепті осы әдіске толығырақ тоқталып өтелік.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене білу.
Информатика сабағын оқытуда интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің танымдық белсенділігін арттырады, өздігінен оқу ынтасын дамытады, ұжыммен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады, қарым-қатынас дағдысын қалыпастырады және дамытады, ал ең бастысы оқуға деген белсенділікті көтереді.
Сонымен қатар компьютерлік интактивті оқыту әдістері білім алушы мен оқыту жүйесі арасында өзара қарым-қатынасты тудырады. Осының негізінде оқыту жүйесі ретінде видео (аудио) сабақтарды, бұрын алған білімдерін жетілдіру үшін мультимедиалық тренажер мен компьютерлік тестерді қарастыруға болады. Осыларды қолдану барысында білім алушылардың белсенділіктерінің артуын байқауға болады. Шындығында қандай да бір тақырып бойынша видео сабақтың материалын көру арқылы білім алушының есте сақтау қабілеті артып, сабақ барысында оқытушы берген тапсырманы қатар орындау мүмкіндігі туады. Сонымен қатар, пән бойынша білімін жетілдіру үшін білім алушы мультимедиалық тренажерды қолдану арқылы берілген сұрақтарға жауап береді және дұрыс берілмеген жауапқа қайта оралып барлық сұрақтардың жауаптары дұрыс болғанша орындайды.
Интерактивті оқыту әдістерінің артықшылығы:
- ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді;
- тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады;
- ойлауды белсендіреді;
- әлеуметтік қарым- қатынас тәжірибесін қалыптастырады;
- өз іс-әрекетін талдайды;
- ынтымақтастықпен әрекет етуге уйренеді;
- студенттердің қызығушылығын туғызады;
- әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
- әрбір студентның сезіміне назар аударады;
- оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
- студенттерге көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
- кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
- студенттердің пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
- өмірлік машықтарды қалыптастырады;
- мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Интерактивті оқыту әдістерінің кемшіліктері:
- ұзақ уақытты қажет етеді;
- ойынға мейілінше беріліп, қорытынды жасай алмауы;
- жеке бастық “менің” қақтығысу қаупі;
- студенттердің белгілі санымен өткізгенде ғана тиімді болады.
Информатика сабағын жүргізуде дидактикалық тапсырмаларға сәйкес әдістерді таңдау өте маңызды. Сабақта қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір-талас, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, дәріс, диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық-танымдық оқу, иммитация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің белгілері болып табылады. Бұл интерактивті әдіс оқытушы үшін ең қажетті, оқытушы мен тіл үйренушінің қатынасының негізі. Бұл әдісті қолдану кезінде қарым-қатынасты бастаушы оқытушы, яғни оқытушы ақпарат береді, риторикалық сұрақтар қояды, студентның жауабына қарсы шықпай, оны дамытып, толықтырады, бағыт береді. Коммуникативті қарым-қатынас тіл үйренушінің сөздік қорын байытады, дұрыс сөйлеуге бағыттайды. Бұл әдіс бойынша үйретуші де үйренуші де өте белсенді. Белгілі бір тақырыптың негізінде сұхбаттасып, ондағы проблемаларды жеңу жолында бір-бірімен сөз сайысына түсіп, әрі өз ойларын ортаға салады. Мұндай жағдайда бір-бірін тыңдайды, өздерінің ойларын, пікірлерін, білімін өзара қарым-қатынас арқылы әңгіме тақырыбына қолданады. Сабақ үнемі көтеріңкі көңілде, студентның сұраққа дұрыс жауап беруіне, белсенділік танытуына әсер ететіндей болуы қажет.
Сонымен бұл әдісті информатика сабағында қолдануда студенттерді төмендегі
әрекеттерді орындауға міндеттейді:
- ой әрекетін белсенді ету;
- талқылауға қатысу;
- идеялар мен мәліметтерді біріктіру;
- ойлаудың салдарын ойға түйіп, сол салдарды өз жауапкершілігіне алу;
- дағдылы үйренуші болу;
- жеке өзгерістерді жігерлендіру;
- алдын ала қалыптасқан сенімдерге жаңа мәлімет тәрізді ой жүгірту;
- түрлі пікірлерге құрметпен жауап қайыру;
- өздерінің сұрақтарын қою;
- өз пікірлерін құрастырып білдіру;
- сын тұрғысынан және икемді ойлау;
- өзін-өзі бағалау.
Сабақтағы интерактивті әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұстанды.
Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында студенттер сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, ролдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.
Интерактивтік оқыту формаларына нені жатқызуға болады? Бүгінгі күні әдіскерлер мен шығармашыл – ұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап шығарды. Олардың ішіндегі кең таралғандары - “үлкен шеңбер”, “аквариум”, “миға шабул” (мозговой штрум), “дебаттар”.
Оқытушының интеракция кезіндегі әрекет жүйесін бес сатыға бөлуге болады: мақсат қою, жұмысты жоспарлау, тапсырманы бөлу, студенттер әрекетін бақылау, бағалау. Сонымен интерактивті оқыту әдістерін атап өтейік.
Интерактивті оқыту әдістері:
1. Жұптасып жұмыс істеу
2. Ротациялық (ауыспалы) үштік
3. Айналмақ
4. Шағын топтармен жұмыс
5. Кейс-стади
6. Миға шабуыл
7. Викториналар
8. Іскерлік ойындар
9. Рөлдік ойындар
10. Шығармашылық тапсырма
11. Анкеталық әдіс немесе «Бинго»
12. Өз позицияңды ұстан
13. Дискуссия
14. Дебаттар
15. Аквариум
16. Тренингтер
17. Есептеу ағашы және т.б
Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Осы аталаған интерактиті оқыту әдістеріннің ішінде Информатика пәнінде қолдануға болатын түрлеріне тоқталып өтейік.
Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады.
Студенттер бір – біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
Мысалы: студенттерге “Карусель” деп аталатын мынадай жұмыс түрі қатты ұнайды;
Екі сақина жасалады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина - бұл қозғалмай отырған студенттер. Сыртқы сақина – бұлар әрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысады. Бұл әдісті Информатика курсын қайталағандақолданған қолайлы.
Шағын топтардағы жұмыс - алдын ала сақтандыру оқу үдерісін студенттерге шамамен жобалап құру қажет. Аталған жағдайда Информатика сабағында ең тиімдісі топтарда жұмыс істеу.
Кейс-стади - нақты практикалық ситуация кезінде тексерістен өткізу. Бұл әдіс жиналған білімді шығармашылыққа өткізу, бұл неміс практикасында сыннан өткен жоғарғы квалификациялық басқару кадрлеріндегі мәселелерді шешетін және шешім қабылдау дағдысын қалыптастыратын әдіс.
«Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез-келген студент жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек.
«Миға шабуыл» әдісі Информатика пәнін оқытуда қолдануда өте маңызды. Себебі, бұл әдісті осы курсты оқытуда қолданудың нәтижесінде студенттердің пәнге деген қызығушылығы артады, шығарашылық қабілеті дамиды, өзара қарым-қатынас деңгейі аратады.
Іскерлік ойындар - ойын белгісіздік элементін береді, ол сананы белсендетеді, қоздырады, тиімді шешімдерді қабылдауға бағыттайды. Информатика пәні бойынша осы әдісті пайдаланып әртүрлі сабақ түрлерін ұйымдастыруға болады.
Ақпараттық ойындар - ойындардың ең қарапайым түрі, олардың қатысушылары белсенді ойын әрекеттерін таңдауда шектелген. Мұндай ойындардың басқа атауы - интеллектуалды, себебі ойын мәселелері әсер етудің саяси, экономикалық және магиялық рычактарының көмегі мен шешіледі. Интеллектуалды ойынды дайындау кезінде қатысушылар мен ойын техниктары жан-жақты дайындау қажет.
Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез- құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.
Шығармашылық тапсырмалар – ретінде біз студентдан ұдайы тек ақпарат өндіру емес, шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды қарастырамыз. Себебі тапсырмалар белгісіздіктің кіші және үлкен элементтерінен, сонымен қатар әдетте бірнеше (кейде шексіз көп) “дұрыс жауаптардан” тұруы мүмкін. Шығармашылық тапсырма кез-келген интерактивті әдістің мазмұны мен негізін құрайды.
Дебат - бұл әдісті студенттер біршама толымды білім алған және өз бетінше ой түйіп, өз көзқарасын дәлелдей және негіздей алатын пайдаланған тиімді.
Аквариум - технологиясының мәнісі сонда, бірнеше студент шеңбер ішінде ситуацияны жасырады /разыгрывают/, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды.
Тренинг әдісі - оқудың интерактивті әдістерін пайдаланумен өткізілетін сабақ тренинг деп аталады. Тренинг сөзі (ағылшын тілінен train – тәрбиелеу, оқыту, үйрету, машықтандыру) – бұл жұмыс нәтижесіне және қажетті машықты дамытуға қол жеткізуге бағытталған, машықтану және қандай да бір саладағы жүйелі тапсырмаларды, әрекеттерді немесе ойындарды орындай білу.
Броундық қозғалыста - студенттер бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.
Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватмен парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршінің ағашына өз идеяларын жазады.
“Өз позицияңды ұстан” – деп аталатын интерацияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін студенттер “Иә” немесе “Жоқ” деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады.
Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс.
Сұхбат – оқытушының тыңғылықты ойланған мәселелер жүйесін қою арқылы материалды түсінуіне алып келетін немесе оқығанда игеруін тексеретін диалогты оқыту әдісі.
Көрнекі әдістер – оқытудың көрнекі әдістерін екі топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация. Осы интеративті әдістердің кейбір түрлерін пайдалану жолдарына тоқталып өтейін.
Информатика сабағында «Модельдеу» тақырыбын оқыту барысында «Жоба құру» әдісін пайдалануға болады. Білім алушылар үш топқа бөлініп, әр бір топқа «Жер планетасына» сипаттама беру керектігі айтылады:
- бірінші топқа математикалық көзқарас бойынша (диаметр, атмосфера мен жер бедерінің қалыңдығы, экватор мен медиананың және т.б. ұзындығы);
- екінші топқа орыс тілдік көзқарас бойынша (шығарма жазу немесе сипаттап
беру) ;
- үшінші топқа бейнелеу өнері бойынша (сурет салу).
Алынған нәтижелерді талдап болғаннан кейін оқытушы «Жер планетасының» басқа ұғымдарымен (глобус, географиялық карта) таныстырады. Осыдан кейін білім алушыларда «модель» түсінігі қалыптасып, өздіктерінен кейбір материалдық модельдерді және ақпараттық модель түрлерін ажырата алады.
«Компьютер құрылғылары» тақырыбы бойынша сабаққа дайындалу барысында тапсырмаларды шығармашылық сипатта дайындау қажет. Мысалы:
1) Сізге жаңа компьютерді іске қосу керектігі жүктелген. Сіз барлық құрылғыларын қостыңыз. Компьютерді іске қосқанда бейне көрінбейді. Осы мәселені тудырғантсебепті анықтау керек.
2) Компьютер мына құрылғыларсыз болуы мүмкін бе (монитор, қатты диск, дискжетек, пернетақта, тышқан, процессор, жедел жады).
3) Компьютерде мына құрылғылардың екі данадан болуы мүмкін бе (монитор, қатты диск, дискжетек, пернетақта, тышқан, процессор, жедел жады).
4) Қолда компьютердің аналық тақшасының схемасы мен кейбір құрылғылары (процессор, аналық тақша, жеделжады, шина, қатты диск) бар. Осыларды біріктіру керек.
Осындай қиын емес тапсырмаларды орындау арқылы білім алушыларда компьютер құрылғыларының неге арналғандығын және олардың қызметі туралы түсінік қалыптасады.
«Ақпарат. Ақпараттық поцесстер» тақырыбын оқу барысында «Синквейн» әдісін
қолданған қолайлы. Білім алушыларға «Ақпарат. Ақпараттық поцесстер» сабағының тақырыбы және төмендегі тапсырмаларды орындау беріледі:
1) Бір зат есімді атау керек (сабақ тақырыбына байланысты).
2) Осыған екі анықтауышты таңдау керек.
3) Осы сөзге үш баяндауышты таңдау керек.
4) Осы сөздермен төрт сөйлем құрастыру керек.
Студенттер алдымен жеке, содан кейін алынған нәтижені бірігіп талқылайды. Осыдан кейінбілім алушыларда ақпарат туралы түсінік қалыптасып, ақпараттық процесстерге және оның түрлеріне қорытынды жасай алады.
Сабақта студенттердің шығармашылық іс-әрекетке негізделуіне, ынта-ықыласты оятуда интерактивті әдістердің қызметтерінің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқыту формаларының түрлерін жетілдіру, оқу материалының мазмұнын студенттерді ерекшеліктеріне сәйкес құру, білімді меңгерудің әдіс-тәсілдерін оңтайландыру, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану, шығармашылық оқытуды кеңінен пайдалану және т.б.
Қорыта айтқанда, интерактивті оқыту әдісі студент әрекетін белсендіру, оқу материалын, оқыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіру сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады. Яғни, интерактивті оқыту әдісі дегеніміз – ұжымдық іс-әрекет жүйесі арқылы жеке тұлға белсенділігін арттыруға негізделген, берілген материалды жылдам әрі сапалы меңгертуге бағытталған, ерекше үлгіде ұйымдастырылған тілдік қатынас болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |