Байланысты: Тақырыбы Инклюзивті кеңістік құруға арналған педагогикалық жағд-www.engime.org
Тақырыбы: Инклюзивті кеңістік құруға арналған педагогикалық жағдайлар Қабылдаған: Инклюзивті білім беру
SilkWay Халықаралық Университеті
Тақырыбы:Инклюзивті кеңістік құруға арналған педагогикалық жағдайлар Қабылдаған: Инклюзивті білім беру – бұл әрбір білім алушыға өзінің физикалық, интеллектуалды, әлеуметтік, экономикалық, тілдік және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, содан кейін ересектену кезеңіндегі балалға қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік беретін, оның сегрегация және оқшаулану қаупін төмендететін, оқыту мен тәрбиенің (дамыту және әлеуметтендіру) жалпы үдерісіне енгізілу мүмкіндігі ұсынылатын білім. Инклюзивті білім берудің негізіне, балалардың кез келген дискриминациясына (кемсіту) жол бермейтін және барлық адамдарға теңдей қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай құратын идеология алынады. Инклюзивті тұғырлар мұндай балаларға оқытуда және жетістікке жетуде қолдау көрсетеді, бұл өз кезегінде балалардың жақсы өмір сүруі үшін мүмкіндіктерін арттырады.
Инклюзивті білім берудің негізіне келесі қағидалар алынады:
1. Барлық адамдардың құқықтарының теңдігі принципі (олардың даралығы мен ерекшеліктерін есепке алуды бір мезгілде сақтауда);
2. Дискриминацияның кез келген типіне жол бермеушілік, яғни мүмкіндігі шектеулі адамның білім алу құқығын және әлеуметтік өмірге қатысуын кез келген шектеуге жол бермеу;
3. Әлеуметтік қоғамдық өмірдің барлық саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандырудың ерекше құқықтарын мойындау, атап айтсақ, білім беруде (оқытудың арнайы жағдайлары, әлеуметтік инфрақұрылымның объектілеріне қолжетімділік және т.б.);
4. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның оның табысты әлеуметтенуі үшін барлық қажетті жағдайлар мен қызметтерді ұсынудағы міндеттері;
5. Барлық балаларды жалпы білім беретін орта мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге қабылдаудың мүмкіндігі.
Мектеп жасындағы балалар арнайы мектептерде (естімейтіндер бөлек нашар естийтіндер бөлек), жалпы мектептердегі арнайы сыныптарда, қалыпты балалармен бір сыныпта оқытылады. Дәстүрлі тараған тәжірибе ол арнайы мектептерде оқыту. Білімнін мазмұны балалардың даму мүмкіндітеріне негізделген білім беретін оку бағдарламасында бекітіледі.
Естімейтін балаларды оқытуда екі педагогикалық жүйе жүзеге асады, олар: билингвистикалық оқыту және сөйлеу тіліне негізделеген оқыту жүйесі, қарым-қатынастыстық (коммуникациялық).
http://engime.org