жоталарымен (623 км), Андоррамен (63,7 км), Гибралтармен (1,2 км), Мароккомен (1,2 км) шектеседі. м Сеута — 6,3 км, Мелилья — 9,6 км). Испанияның жер бедері әртүрлі, мұнда тау жоталары мен биік үстірттер жүйесі басым рөл атқарады. Территориясының 90%-ға жуығын үстірттер мен таулар құрайды. Ел бетінің жартысына жуығын теңіз деңгейінен орташа биіктігі 660 м болатын Еуропадағы ең үлкен Месета деген үлкен үстірт алып жатыр. Месета үстірттердің, биік тас жоталардың және тау алаптарының кезектесуімен ерекшеленеді. Орталық Кордильера Месетаны екі бөлікке бөледі: солтүстік және оңтүстік. Испания территориясының көп бөлігі шамамен 700 м биіктікте орналасқан.Еуропадағы Швейцариядан кейінгі екінші ең биік мемлекет. Пиреней түбегінің рельефтік картасы Солтүстікте Месета Бискай шығанағының жағалауын бойлай 600 км-ге созылған, елдің ішкі бөлігін теңіз әсерінен оқшаулайтын қуатты Кантабрия тауларымен қоршалған. Олардың орталық бөлігінде биіктігі 2648 м-ге дейін жететін Пикос-де-Европа тау тізбегі (испан тілінен – Еуропа шыңдары) орналасқан.Бұл альпі типті таулар негізінен карбон кезеңінің шөгінділерінен – әктастардан, кварциттерден, құмтастардан тұрады. Кантабрия таулары Испаниядағы ең қуатты тау жүйесі Пиренейдің орографиялық және тектоникалық жалғасы болып табылады. Е Л Д І Ң Р Е Л Ь Е Ф І
Э К О Н О М И К А С Ы Өнеркәсіптің көлемі жағынан Испандар Батыс Еуропада 5-орын, дүние жүзі бойынша 8- орын алады. Елде машина, кеме жасау, ұшақ шығару, электртехникасы, химия, тоқыма өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары тау-кен өндірісі жыл сайын кеміп, оның