Тақырыбы: Жаңа діни қозғалыстар туралы түсінік және ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты: Жаңа діни қозғалыстардың дәстүрлі діндерден айырмашылығын көрсете отырып, жалған діни ұйымдардың қауіптілігін түсіндіру.
Міндеттері:1. Жаңа діни қозғалыстардың дәстүрлі діндерден айырмашылығы туралы түсінік қалыптастыру.
2. Оқушыларды сұрақ қоя білуге, берілген теориялық білім нәтижесінде ой қорыта білуге, пікір айтуға дағдыландыру. Өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін жандандыру.
3.Дін адамдарды имандылыққа тәрбиелейтін маңызды әдіс екенін жеткізу. Діннің маңызы мен қасиетін ұғындыру.
Көрнекіліктер: Тақырыптық слайд, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: топтық жұмыс, Венн диаграммасы, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
а) Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымын түгендеу
ә) Топқа бөлу (От, су, күн, ай суреттерін таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді)
Психологиялық көңіл - күй сыйлау:
От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.
ІІ. Негізгі бөлім.
«Тек сабыр мен серіктестік арқылы біз лаңкестік, жаппай қырып - жою және кез - келген өзге қарудың таралуы, есірткі саудасы мен оның салдары секілді бүкіләлемдік зұлымдық көріністерімен күресте жеңіске жете алмақпыз.» - деген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөздерімен бүгінгі сабақты бастағалы отырмын. Расында да, қазіргі еліміздегі діни жағдай аса қуантарлық емес.
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осыған байланысты «Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері.» Жат діни ағымдарды дәстүрлі діндерден айыра білу – зайырлы қоғам жағдайында діни сауаттылық деңгейінің басты өлшемінің бірі болып табылады. Кез келген діннің негізін иман (Жаратушыға жүрекпен нану) және тағат (сыртқы ғибадат) деген екі бөлік құрайды. Иман – ақыл мен адамшылықтың бәрін де сиғызады. Ал, тағаттың шеңбері тар, ол шеңбер белгілі бір әдет-ғұрып, салт-дәстүрді қалыптастырудан аса алмайды
1) Берілген постерге әр топ бүгінгі сабақтың мақсатын түрлі - түсті маркермен жазып шығады.
2) Жаңа діни қозғалыстарға тән ерекшеліктерді анықтап, топ болып ой бөліседі.
І топ: «Дәстүрлі діндер»
ІІ топ: «Дәстүрлі емес діндер»
ІІІ топ: «Жаңа діни қозғалыстар»
ІV топ: «Жалған діни ұйымдардың қаупі»
3) Венн диаграммасы
Дәстүрлі діндер ----------------- Жалған діни ұйымдар
4) «Абайлаңыз, секталар!» - бейнебаянын көреді, өзара ой бөліседі, пікірлерін айтады.
Бейнебаян бойынша сұрақтар:
1) Көрсетілген үзіндіден не түсіндіңіздер?
2) Сектаға кіру қаупі неде?
3) Не себепті сектаға жасөспірімдер жиі кіреді?
5) Жаңа діни қозғалыстардың ерекшелігі
1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді пайдалана отырып қандай дінге жатқызуға болатынын анықтаңдар.
Әлемдік және ұлттық діндер ұзақ,әрі бай тарихи кезеңнен өтті.Буддизм, иудаизм, христиан, ислам діндерімәдениет пен қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Мұндай діндерді қалай атаймыз?_____________________________________________
2-тапсырма. Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері.
1. Жаңа діни қозғалыстардың кеңінен таралған уақыты ..........................................................................................................................
2. Сырт қарағанда басқа діндермен ұқсастығы............................................
3. Жаңа діндердің өзгешелігі........................................................................
4. Жаңа діни қозғалыстардың басым бөлігінің таралу жолы...................
5. ХХ ғасырдың ортасында сарапшылар есебі бойынша «жаңа діндердің» саны нешеге жеткен?..................................................................
6. Жаңа дінді таратушылар өздерін қалай атады?
7. Не себептен кейбір ағымдар «жастар діні»деп аталады?........................
...........................................................................................................................
3-тапсырма. Жалған діни ұйымдардан сақ болу жолдары. Мәтінді пайдалана отырып, оның мазмұнына тоқталып, кестені толтырыңыздар.
№
|
Бүлдіргіш, тоталитарлы ұйымдардың ерекшеліктері.
|
1
|
|
2
|
|
3
|
|
4
|
|
5
|
|
6
|
|
4-тапсырма. Жаңа діни ұйымдардың қаупі неде? Сұраққа жазбаша жауап беріңіздер.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Глоссарий
Дәстүрлі дін
|
сан ғасырлар бойына қалыптасып келген бір халықтың тарихымен, мәдениетімен, рухани өмірімен тығыз байланысты дін.
|
Дәстүрлі емес діндер
|
әлемдік және ұлттық діндердің шектерінен шыққан, бірақ олардың идеяларын, рәміздері мен рәсімдерін қолданатын діни қозғалыстар және олар қалыптастырған ұйымдар. Олардың дәстүрлі емес екені нақты қоғамның мәдени және рухани өмірімен байланыссыздығынан көрінеді.
|
Діни бірлестік
|
азаматтардың заң шеңберінде діни сенім мен рәсімдердің бірлігі негізінде рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ерікті қалыптасқан бірлестік.
|
Діни қызмет
|
діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.
|
Діни сенім
|
қандай да бір діндерге, шіркеулерге, конфессияларға тиесілі болу.
|
Жаңа діни қозғалыс
|
жаңадан қалыптасқан немесе қоғамда деноминация, шіркеу немесе дін ретінде әлі қабылданбаған діни топ.
|
Теология / (дін ілімі)
|
(грек тіл. – «Құдай» «ілім») – Құдай жайындағы ілімнің негіздеме жүйесі, діни ілім мен догматика (қатаң қағида) ақиқатының дәлелдер кешені.
|
Терроризм (лаңкестік)
|
(лат. тіл. – «үрей, қорқыныш», «қорқыту») – экстремизмнің шеткі көрінісі. Терроризм (лаңкестік) саяси мақсатқа жету жолындағы аса қатігездік, қорқыту, күштеу әдістерін қолданады.
|
Толеранттылық
|
(лат. тіл. – «төзімділік») – басқалардың тұрмыс қалпына, мінез-құлқына, әдет-ғұрып, сеніміне, сезіміне, пікіріне, идеясына төзімділік таныту.
|
Экстремизм
|
(лат. тіл. – «шеткі») – адамның басқа түсініктерді, сенімдерді, дәстүрлер мен құндылықтарды қабылдамауға түрткі болатын белгілі бір сенімдер мен идеяларға деген шектен тыс радикалды көзқарас жолын ұстаунуы.
|
Деноминация
|
(лат. denomen – «атын өзгерту»)
|
Діни мекеме
|
(мешіт, шіркеу, синогога және діни оқу орны т.б.)
|
Секта
|
( лат. «ойлау тәсілі, ілім, бағыт») қайсібір діннің өз ішінде оппозициялық топ.
|
6) Рефлексия
Мен.... таныстым.
...... маған оңай болған жоқ.
Ерекше ұнағаны...
.... рахмет айтамын.
Мен болашақта.... үлесімді қосып көремін.
Келер күнге тілегім....
ІІІ.Қорытынды: Жаңа діни ағымдарға (дәстүрлі емес діндерге) әдетте жақында (ХІХ немесе ХХ ғғ.) пайда болған; нақты түрде белгілі бір этникалық топпен байланысты емес діндерді жатқызады. Мұндай діндердің мемлекеттің немесе жеке этностардың тарихымен және мәдениетімен терең байланыстары болмайды.
ІҮ.Үйге тапсырма:14 тақырып, 235 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |