Тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі Мақсаты



Дата29.12.2021
өлшемі32,4 Kb.
#105971
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Мұралбекқызы Ақна. Ғылыми жетекші А.К.Нурланова



Тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі
Мақсаты: Қоғамға отбасы – тәрбиенің негізі екенін жалпыадамзаттық құндылықтардың мазмұнында түсіндіру.

Міндеттері:

  • Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық негіздерінің маңыздылығын түсіндіру.

  • Жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алуда үлгі бола білу қажеттілігін ашу.

  • Құндылықтарды ашу тәрбиедегі кедергілерді жоятындығын түсіндіру

Гипотезасы: Отбасы құндылығының маңызын түсінеді.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Қазақ отбасы тәрбиесінің  өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған. 


Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. 
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. 
Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғ,ымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек- өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі», « Еңбек – түбі береке», «Үнемшілдік-сараңдық емес», «Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жыйса да тоймайды» деген мақалдары дәлел бола алады.

Отбасы-қоғамның маңызды буыны.көп ұлт мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан  қаланады. Осы жағынан келгенде кез-келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.

Қоғамда отбасы  екі қызмет атқарады,оның бірі дүниеге ұрпақ әкелу-екіншісі дүниеге келген сәбиді пәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп,оны тұлға ретінде қалыптастыру.

Отбасы-баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты,құндылықтарын біліп,өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағұламаттарды береді және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыландырады.

Бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше.Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ « Бақытыңды басқадан емес ,балаңнан ізде»-деген даналық сөз бар.Кез келген адам  өзі жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін.Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе,екінші біреу даңқ пен атақтан,маңсап пен қызметтен іздестіреді.Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.Ұлықтан хақім «ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы.

Шыр етіп  сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында қиын,қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.Ол-бала тәрбиесі,бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз-ата-ана.Ата-ананың баламен жасайтын қарым-қатынасының үлкен тәрбиелік мәні бар.Әсіресе отбасындағы,ата-ананың өзара қатынасы үлкен тәрбиелік мәні бар. Мәдениетті отбасындағы  ерлі -зайыпты кісілердің бір-біріне айтқан игі ниеті, кішіпейілдігі,отбасындағы туындаған мәселелерді ақылдаса отырып шешуі бала мінезіне жағымды әсер етеді.

Қазіргі  заманда отбасының құрылымы өзгеріп,ондағы мүшелер саны азайып,бала саны кеми түсті.Қоғамдағы әлеуметтік,мәдени ,экономикалық жанғырулар әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр өйткені әкеге бағыну,өзінен үлкен апа,ағаны сыйлау қазақ арасында жоғалмағанымен әлсірей түсті.Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп,керісінше аналар отбасы үшін жауапкершілікті  өз мойындарына алуда.Осы заманның тағы бір ерекшелігі : толық емес отбасылар көбейіп, ата,әке,қайын жұрт,нағашы жұрт деген  туыстық байланыс әлсіреді.Отбасы қарым-қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын тәрбиедегі қателіктерді түзету  үлкен қиындықтармен жеңуге тура келеді.

Яғни отбасындағы  жарасты сыйластық пен жылылық бала тәрбиесіне көп әсерін тигізетінін баршамыз білеміз. «Ұяда не көрсен, ұшқанда соны істерсің» дегендей ата-ананың өнегесін көріп бала  өздері үй болғанда сол жақсы тіршілікті жалғастыра біледі.Олар ата-анадан алған  сыйластық,сөзге тоқтау,төзімділік,қамқорлық сияқты қасиеттерді өз отбасында қолданады.

Келешек ұрпақты   тәрбиелеу-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Бұл мәселенің шешімін табу үшін білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып,оны жетілдіру жолдары іздестіруде.

Отбасындағы бала тәрбиесіндегі үлкен тұлға-әже мен ана. Әжелердің ұстамдылығын,төзімділігін, сабырлығын,қиыншылық атаулыға қажырлықпен қарсы тұруы үнемі үлгі.Олар немерелеріне аңыз-әңгімелермен,мақал-мәтелдермен таныстырады. Шоқанның Айғаным,Абайдың Зере,Мұхтардың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған.Ал,көпті көрген қариялар-өз балаларының ғана тәрбиешісі емес, иісі қазақтың ақылшысы,кемеңгерлері.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ю.П.Азаров. Отбасы педагогикасы. - Москва, 1985.


2.  В.А. Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. - Алматы, 1983.
3. https://kitaphana.kz/refkaz/236-pedagogika/3248-mygalim.html

4. http://www.myshared.ru/slide/1372946/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет