Гидросфера құрамы Мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, жер асты суы, батпақтар, мұздықтар.
Тіршіліктің таралған ортасы Жердің ішкі құрылысы
Литосфера Мантия Ядро
1.Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабатты - литосфера деп атайды.
« Литосфера» - латынша «литос» - тас, «сфера» - шар деген мағына береді.
Ғалымдар температура мантияның жоғарғы бетінде +100, +150 °С- тан, ал төменгі шекарасында
+3800° С-қа дейін баратын болуы керек деп болжайды. Сондықтан литосфераның астыңғы қабатындағы тау жыныстары қоймалжың затқа айналады.
Жер қыртысынан әрі шамамен 2900 шқ тереңдікте мантия орналасқан. Мантия – латынша « мантия» - шапан, жамылғы деген мағынаны білдіреді.
Жердің ең орталық өзегін ядро алып жатыр. Оның радиусы – 3500 шқ шамасында. Ядро құрамы темір мен никельден тұрады. Ядроның сыртқы бөлігі балқыған күйде, ішкі бөлігі қатты заттан тұратын болуы керек.