оңашаланған болады; ал егер тек қана бір қабырға шеті болса салбыраулы (немесе жапырақ) болады.
Түрлері Бағдарланбaғaн граф (Неориентированный граф) — төбелерді қосатын доғаларының бағыты болмайтын граф.
Бағдарланған граф (Ориентированный граф; directed graph) - әр түрлі төбелер жұбын жалғастыратын қабырғалармен бірге түйіндердің (немесе төбелердің) құр ақырғы жиыны. Егер е қабырғасы Vl және V2 төбелерін жалғастырса, онда Vl мен И,-ні инцидент деп атайды және бұл төбелер көршілес болып саналады, е — реттелмеген жұп (К, и V2). Әдетте, граф көрнекті формада ұсынылады, сонымен бірге төбелері нүктелермен немесе кейде ұқсастыру мақсатымен ентаңбаланған басқа мүсіндермен, ал қабырғалары сәйкес нүктелерді жалғастыратын сызықтармен кескінделеді. Егер әрбір қабырғаға бағыт көрсетілсе, онда мұндай граф бағдарланған граф деп аталады. Бұл жағдайда қабырға әр түрлі төбелердің реттелген жұбының жиынын үйымдастырады және оларды көбінесе доға деп атайды. Бағдарланған граф көрнекті түрде ұсынылған кезде әрбір доға жебелікпен жабдықталады.