Миокард инфарктісінің кезеңдері: 1. Продромальді, ауырсыну алды белгілері. 2. Кенеттен – миокардта кенеттен ишемия пайда болғаннан бастап некроз пайда болғанға дейінгі уақыт (30 минуттан 2 сағатқа дейін). 3.Жедел– некроз аймағы пайда болу аралығы 2 күннен 10 күнге дейін. 4. Жеделдеу – тыртықтанудың алғашқы сатысы, некроздық масса грануляционды тканьмен алмасады. Ол 4 аптадан 8 аптаға дейін. 5. Жедел миокард инфарктісі диагнозынан кейін 2 айдан кейін- инфаркттен кейінгі кардиосклероз қойылады. 6. Инфаркттен кейінгі - 4-6 ай аралығында – тыртықтың тығыздығы артып, миокард жаңа жағдайда бейімделеді.