V келуі - 36 апталық мерзімде - Әңгімелесу
- Жүктіліктің асқынуын анықтау (преэкламсия, қанкету, ұрық айналасындағы судың кетуі, ұрықтың қимылдауы). «Емшекпен емізу және босанғаннан кейінгі контрацепция» тақырыбында ақпарат беріп, осы проблеманы талқылау.
- Тексеру әдістері ( Сыртқы акушерлік тексеру (ұрықтың жатуын), аяқтарын қарау – веналардың варикозды кеңеюін анықтау, АҚҚ өлшеу, ЖТБ өлшеу- гравидовраммаға тусіру, сыртқы акушерлік тексеру, ұрықтың жүрек соғысы, зәр анализің белокка тексеру).
VI келуі – 38-40 апталық мезімде - Әңгімелесу
- Жүктіліктің асқынуын анықтау (преэкламсия, қанкету, ұрық айналасындағы судың кетуі, ұрықтың қимылдауы). «Емшекпен емізу және босанғаннан кейінгі контрацепция» тақырыбында ақпарат беріп, осы проблеманы талқылау. Жүктілікті жүргізу жоспарын, қажетінше, қайта қарау және дәрігер акушер- гинекологтың консультациясын алу.
- Тексеру әдістері (АҚҚ өлшеу, аяқтарын қарау – веналардың варикозды кеңеюін анықтау, сыртқы акушерлік тексеру (ұрықтың жатуын), ЖТБ өлшеу- гравидовраммаға түсіру, сыртқы акушерлік тексеру, ұрықтың жүрек соғысы, зәр анализін белокка тексеру).
Достарыңызбен бөлісу: |