Тақырыбы: Жүзден жүйрік



Дата16.02.2018
өлшемі47,84 Kb.
#37706
Тақырыбы: Жүзден жүйрік

Мақсаты: 1. Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін артыру.

2. Оқушылар жан-жақты, сауатты, дарынды, озық болуға тәрбиелеу; оқу-білімге қызығушылығын арттыру.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім:

Бал, балауса жайқалғандай гүлдерің,

Бірің тұңғыш, кенжесісіңдер бірлерің.

Қарсы аламыз 1 «Б» сыныбының,

Балжайнаған ұлдары мен жауқазындай гүлдерін. Дей отырып сайысқа қатысушы:

1-топ – «Сұңқар»

2-топ – «Барыс»

3-топ – «Тұлпар» топтарын ортаға шақырамыз.

Армысыздар бал-балауса балдырған,

Қылықтарын жүрекке із қалдырған.

Бірің әнмен, бірің бимен өрнектеп,

Көрінетін сайыстарда сан қырдан.

Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі 1 «Б» сыныбында өткелі отырған «Жүзден жүйрік» сайысына қош келдіңіздер! Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Сайыс ережесі бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабына ұпай беріледі. Берілген сұраққа жауапты тез беруге тырысыңыздар. Әуелі белгі береміз, атыңыз аталғаннан кейін жауап бере аласыз. Сұраққа бірінші болып белгі берген топ жауап береді, егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда сұраққа белгіні екінші болып көтерген топ жауап береді және бірінші топ келесі сұраққа жауап бере алмайды. Ол топтың да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын өзім айтамын. Кім жеңді, кім жеңілді деп жүрмейік,

Әділ-қазы бағасына жүгінейік.

Сайысқа баға беріп, сөз айтатын,

Қазыларға төрден орын берейік.

Бүгінгі сайысымыздан әділ бағасын беруге әділ-қазылар алқасын сайлаймыз. Сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырамыз. (ортадан әділ-қазылар алқасы сайланады)

Алғашқы кезегіміз таныстыру,

Топтарды бір-бірімен табыстыру.

Айдар таққан атауларын қорғайтындай,

Өлең өрнектеп жарыстыру.

Сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыру». Әр топ өздерін таныстырады. (әділ-қазылар бірінші кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда, - дей отырып, келесі кезекті «Бәйге» сайысына берейік.

2-кезең: «Бәйге» сайысы.

Сайысымыздың бұл кезеңінде сіздерге ертегілерден үзінді көрсетіледі. Сіздер сол көрініс қай ертегіден алынғанын айтуларыңыз қажет. (әділ-қазылар бірінші кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,-дей отырып, үшінші кезең «Жеті жұрттың тілің біл» сайысы.

Мұғалім:

Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс тілінде аудармасы айтылса, 25 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 15 ұпай беріледі.



  1. Табанынан тыз етіп

Жүрсе дағы сыз өтіп

Күні-түні ерінбей

Үйді жүрер күзетіп. (ит-собака)

(әділ-қазылар бірінші кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)

Мұғалім:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін математикаға берелік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың енді жауаптарын көрелік.

4-кезең. «Кім жылдам?»

Логикалық-математикалық тапсырмалар. 1. Аспанда неше жұлдызды көріп тұрсыңдар? Осы сегіз жұлдыздың төртеуін бұлт басып қалды. Аспанда сонда қанша жұлдыз қалды?

2.Мына суретте нені көріп тұрсыңдар? Жылқы. Жылқының неше аяғы бар? Ал, осындай екі жылқының неше аяғы болады?

3.Аспанда екі құс ұшып бара жатыр еді. Осыған үш құс келіп қосылады. Сонда барлыға неше құс болды?

4.Алты шырша айналып билеп жүр еді. Екі тышқанды аналары шақырып кетті. Сонда не тышқан қалды?

5.Бұл қандай фигура?Бұл төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады? Бұл төртбұрыштың бұрыштары азайды ма, әлде көбейді ме?

6.Мынау қандай фигура? Осы үшбұрышты ортысынан кесіп тастасақ, неше үшбұрыш шықты? (әділ-қазылар бірінші кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)

Мұғалім:

Әдемі үйлер салатын,

Қоныстанған ел-жұртым.

Рахаттанып қалатын дей келе

5-кезең «Біз құрылысшылармыз»

Конструктордан әр топ үй құрастырады. Үйді

Бірінші болып және әдемі құрастырғанға 15 ұпай. Екінші болғанға 10 ұпай. Үшінші болғанға 5 ұпай беріледі.

(әділ-қазылар бірінші кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)

Мұғалім:

Сөзжасам бұл әркімге ой салады,

Сөз тізбігін құрамын деп толғанады.

Сөзден сөз шығаруға жетік болсаң,

Сөзжасам кезегі енді басталады.

6-кезең.


«Сөзжасам» сайысы.

Қағаз бетіне сөзден көп сөз құрау. Ең көп құрағанға 20 ұпай, одан кейінгіге 15 ұпай, соңғысына 10 ұпай беріледі.

Қызғалдақ

Жауқазын


Раушангүл

(әділ-қазылар бірінші кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)

Суретші болғым келеді,

Сұлулықты көретін.

Түсінгенін түйсікпен,

Қағазға салып беретін.

7 кезең «Біз суретшілерміз»

Әр топқа бір-бір қағаздан беріледі, сол қағазға топ мүшелері

1топ – «Менің ауылым»

2топ – «Ғарыш әлемінде»

3топ – «Қыс қызығы»

Тақырыптарында сурет салады және салған суреттері бойынша топ мүшелері қорғайды. (әділ-қазылар бірінші кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)

Мұғалім: Сонымен қазылар алқасына сөз беріледі. Бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы қай топ болды екен? (әділ-қазылар бірінші кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)

Бойларында от бар екен байқадым,

Жүректерінде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтандар әрдайым.

Өрендер өрлей берсін өнерлерің,

Айналаң бәрі сенің көрерменің.

Тілеймін дәл осылай барлығының,



Тек қана биіктерден көрінгені деп бүгінгі сайсымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет