Тақырыбы: Кешенді қосылыстар. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Орындаған: Амангелдиқызы Әсем Тексерген: Азимбаева Гулбайра Ералиевна Алматы 2021



бет10/11
Дата11.02.2022
өлшемі77,93 Kb.
#131522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
химия сөж 14 апта (2)

Тотығу дәрежесі, тотығу саны – химиялық қосылысты тек иондардан тұрады деп қарастырғанда әр атомда болатын шартты зарядтың сан шамасы. Бұл ұғым молекуладағы атомдардың күйін сипаттау үшін қолданылады. Кез келген қосылысты ионды қосылыс деп қарастыруға болмайтындықтан, Тотығу дәрежесі шартты түрде алынады. Тотығу дәрежесінің оң мәні (+) берген электрон санын, ал теріс мәні (-) қосып алған электрон санын көрсетеді. Элементтердің Т. д-н белгілегенде алдымен таңбасы, содан соң сандық мәні жазылады. Мысалы, Mn+7, S+6, S-2, Cl+5, O-2, H+1, т.с.с. Химияда тотығу дәрежесі ұғымы тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін, анорганикалық қосылыстардың классификациясын құруда, т.б. пайдаланылады. Тотығу дәрежесінің мәні валенттілікке сәйкес келе бермейді. Мысалы, метандағы (СН4) көміртектің Т. д. – 4, метил спиртінде (СН3ОН) – 2, құ-мырсқа альдегидінде (НСНО) – 0, бірақ іс жүзінде жоғарыда аталған қосылыстардың барлығында да көміртек атомы 4 валентті болады. Т. д. ұғымын тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру үшін кеңінен қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет