Тақырыбы: Кіріспе. Электр қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі талаптары. Өндірістік жұмыс орнын желдету және жарықтандыру. Жұмыс орнын ұйымдастыру



бет1/9
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#120163
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 ТЖ Электротехника

Тақырыбы: Кіріспе. Электр қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі талаптары. Өндірістік жұмыс орнын желдету және жарықтандыру. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Жұмыстың мақсаты: Электр қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі талаптары, дербес компьютерде Electronic Workbench виртуальды ортада электронды схемасын жинау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен танысу. Өндірістік жарықтандырудың нормалауымен және бақылауымен танысу, пайдалану коэффициент әдісі мен жасанды жарықтандырудың теориялық есебін жасау  

Тәжірибелік жұмыстың теориялық негізі. 

  • Тәжірибелік жұмыстың теориялық негізі. 
  • Дербес компьютермен қолдану кезіндегі техника қауіпсіздік ережесі
  • Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау студенттер мен оқытушылардың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады

  • Аталған міндетті орындауда студент төмендегідей:
  • Жалпы ережелерді;
  • Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
  • Жұмыс жасау кезіндегі;
  • Апаттық жағдайдағы;
  • Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
  • Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей :
  • Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды оқытушының рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
  • Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
  • Компьютердің жанына портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады.
  • Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.
  • Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ;
  • Компьютерлік кабинетте жүгіруге, ойнауға, жанындағы студенттерді аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
  • Оқытушының рұқсатынсыз кабинеттен шығуға және кіруге болмайды.
  • Студент компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет