Мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтiк құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызу; Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізу;