Тақырыбы: Кіріспе. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару пәні
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім а) Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі б) Денсаулық сақтау жүйесінің медициналық классикалық теориялары в)Денсаулық сақтау жүйесінің медициналық концепциялары г) Халықтың табиғи қозғалысына сараптама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлылығының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады. Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi. Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi (соңғы үш жылда екi рет), сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi.