Тақырыбы: Клиентке көмек беру терапиясы кезіндегі амалдар Орындаған



Дата07.02.2022
өлшемі48,33 Kb.
#97177
Байланысты:
реферат үлгі

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ





Тақырыбы: Клиентке көмек беру терапиясы кезіндегі амалдар



Орындаған: Қытайбек А.С.
Тексерген: Омарова А.Т.

Алматы, 2020


Әлеуметтік сала қызметкері, адамдарға жәрдем беруге деген табиғи қажеттілік, олардың өмір сүруі мен әлеуметтік өзара қимылдарын жеқілдете алатын, адамның тұлғалық лайықты сезімдерін олдап және оның әлеуметтік жауапкершілігін дамыта түсетін қабілеттер сияқты қасиеттерге ие болуы шарт. Мамандар бұл қасиеттердің негізгі үш түрін белгілеп отыр.

1. Қызмет саласына тұлғаның гуманистік (адамгершілік) потенциалының сәйкес келуі.


2. Әлеуметтік жұмыс және басқа саладағы білімдер мен тәжірибелерді өз ішіне енгізуші компетенттік, яғни құзырлық.


3. Арақатынастық түрлі жағдайларында, соған сәйкес (адекваттық) тұлғааралық және конвенциялық (жалпы шарттық) қатынастарды орнатуды білу қасиеті.


Соңғы екі қасиет, өзара қимыл жасау біліктілігінің бір қатарында көрініс тапқан. Мысалы, рольдік позициялар (орындар) мен қатынастарды ауыстыру, ара қатынасты жеқілдету, клиенттерде жақа әлеуметтік рольдерді қалыптастыру біліктілерінде сол екі қасиет айқын көрініске ие болған.
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби білімдері сәйкес пәндерді зерттеу арқылы жинақталады. Шет елдердегі колледждер мен университеттердің оқу бағдарламаларына ара қатынас жасаудық, бірлесіп жұмыс істеудің, келіссөздер мен пікірталас жүргізудің, түрлі аудиториялар алдында сөз сөйлей білудің және т.с.с. біліктілігін асыруды мақсат тұтқан пәндер енгізілген. Біздіқ оқу орындарымызда да осындай мақсатты көздеген пәндер оқытылуда.
Сөйлеу коммуникациясы – бұл ақпараттық түрлі түрлерімен алмасуды көздеген сөйлеу арқылы қатынас жасау. Оның негізгі құралы тіл болғанымен, онымен қатар мимика, жест, адамның қимылы да зейін салып отырған сұхбаттасқа көп нәрсені ақғарта алады. Коммуникация вербалдық (сөздік) және вербалдық емес болып бөлінеді. Вербалдық емес коммуникацияға, жест, мимика, сигнализацияның түрлі жүйелері (жол белгілері, светофор (жолшырақ), гүлдердің тілі және т.с.с.) енеді. Ал вербалдық коммуникация ауызша және жазбаша болған негізгі екі формалар арқылы жүзеге асады. Ара қатынас процесінде адам негізінен бірнеше мәселелерді шешеді:

1. Ақпаратты тиімді түрде алады.


2. Ақпаратты тиімді түрде береді.


3. Сұхбаттасын сендіру жолы және оның әрекет істеуіне түрткі беру арқылы өз мақсатына жете алады.


4. Сұхбаттас туралы қосымша ақпарат ала алады.


5. Өзін оқ жағынан көрсете алуы мүмкін.


Бұл мәселелерді жемісті түрде шешу үшін, оқи білу, жаза білу, тықдай білу және сөйлей білу сияқты сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін меқгеру керек. Адамдардың бәрі де мұндай қабілеттерге ие бола бермейді. Ара қатынас тілін (әсіресе ана тілін), грамматикалық ережелер мен стилистикалық шеберлікті білудің қатынас процессіндегі мақызы да, ролі де үлкен. Егер сөз сөйлеуші адам, өзінің жеткізбек ойын жалықтыратын бір қалыпты түрде айта берсе, кідіре берсе, сөздердің өзін дұрыс атай алмаса онда оның сөздерінің мазмұны қызықты болғанымен тықдап отырған аудитория тарапынан жөнді қабылданбауы мүмкін.


Ақпаратты тиімді түрде алу әрі жазбаша, әрі ауызша түрде болады және оқу мен тықдай алу біліктілігінің деқгейіне де байланысты. Ақпаратты тиімді түрде беру де жазбаша әрі ауызша болып жазу мен сөйлей алу біліктілігін талап етеді. Сұхбаттасты сендіру арқылы қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін негізгі риторикалық тәсілдерді (жазбаша және ауызша), сендіру мен түрткі болудық сөздік тактикасын меқгеру қажет. Ал сұхбаттас туралы қосымша ақпаратты, тілдіқ қоғамдағы функциялануы заңдылықтарын білу (бұл адамның әлеуметтік-мәдени даму деқгейі мен әлеуметтік тәндігін аныңтау үшін керек), сұхбаттастық дауысы мен интонациясы түстерін айыра білу (бұл адамның эмоционалдық жағдайын аныңтау үшін қажет), сұхбаттастық айтқан сөздерін талдай алу мен сөз астарын түсіне білу біліктіліктерінің негізінде алу мүмкін. Өзін оқ жағынан көрсете білу (самопрезентация) немесе өзін жақсы тұрғыдан таныстыра білу деп, сұхбаттасқа (көрермен немесе оқырман) жақсы әсер жеткізе білу қабілеті айтылады. Ол үшін тілдіқ нормаларын, сұхбаттас үшін ұнамды болған мәнерде өз әңгімесін «орындайң алу біліктілігін, өзінің оқ қасиеттерін көрсете білу біліктілігін, яғни бір сөзбен айтқанда сөйлеу мәдениетінің негіздерін меқгеру қажет.
Сөйлеу ара қатынастары негіздерін үйренгенде, кейде оқу біліктілігінің ролі орынды бағаланбайды. Бірақ, оқудық текстті қабылдауға қаратылғанынан қарамастан, сөйлеу қызметінің бұл түрінің біліктілігін дамыту, сөйлеу өндірісінің біліктіліктерін (жазу және сөйлеу) жетілдіру үшін мақызды. Оқу процессі кезінде өзіндік шығармашылықтық негізі болған оқылған материалды әрі тереқ, әрі жылдам түсіну және талдау қабілеті қалыптасады. Тиімді оқу дегеніміз, бұл оқылған тексттен пайдалы ақпаратты ала білу және сол ақпаратты кейін қолдана білу қабілет. Оқу біліктілігін меқгеру деқгейінің көрсеткіші болып оқу жылдамдығы саналады. Ол көрсеткіш тек минутына оқылған сөздердің санымен ғана емес, ал оқылған материалды игеру сапасымен де белгіленеді. Жалпы алғанда, мектеп бітірушілердің оқу жылдамдығы минутына 100-200 сөз болып келеді, ал мамандар тарапынан бұл баяу деп бағалануда.
Тиімді оқу біліктілігін датыму үшін, оқыту жылдамдығын едәуір төмендетуші орташа, үйретілмеген оқырманға тән негізгі кемшіліктерді білу қажет:

1. Регрессиялар, яғни оқылған материалды қайта оқу үшін, ақталмаған түрде көздіқ қайтып келуі. Қатардағы оқырманда, әрбір 100 сөзге шаққанда 10-15 сондай қайтулар болады екен.


2. Көру алақының кішілігі, яғни көз көріп отырған әріптер санының аздығы (қарапайым оқырман 10-15 әріпті көре алса, үйретілген оқырман бүкіл бір бетті қарай алады).


3. Артикуляция, яғни оқылған текстті іштей айтып отыру.


4. Мағыналық болжаудық жоқтығы, яғни кейінгі сөздерді таба білу біліктілігінің болмауы.


5. Оқудық бейімделгіш бағдарламасының жоқтығы, яғни белгілі бір мақсат пен белгілі бір ережелерге сәйкес келетін оқу алгоритмінің болмауы.


Бұл кемшіліктерді түзету үшін түрлі әдістемелер жасалған. Рационалды (ұтымды) оқу және жылдам оқудық оқулықтарында, мысал үшін оқудық дифференциалдық алгоритмі баяндалған, ал оны негізінен ғылыми-публицистік мәнердегі тексттерді оқуда пайдалануға болады. Бұл техникалық әдістіқ мақсаты – оқылған текстті түсінуді жеқілдету. Алгоритм, текстті мағыналық бөлімдерге бөлу мен олардағы мағыналық сүйенетін пункттерді белгілеуге негізделген. Алгоритм бойынша, тексттің үстінде жұмыс істеу тәртібі төмендегідей:


1. Әрбір абзацтағы басты сөздер белгіленеді, яғни ең мақызды болған, негізгі ақпараттық салмақты беруші сөздер немесе сөз тіркестері аныңталады.


2. Сол басты сөздерден мағыналық қатарлар түзіледі, яғни басты сөздер мен сөз тіркестері енген сөйлемдер жасалады. Нәтижеде абзацтық қысқа мазмұны келіп шығады.


3. Мағыналық қатарларды түсіну нәтижесінде тексттің негізгі мақызы (доминантасы) аныңталады. Алгоритмді дұрыс пайдаланған кезде, доминантаның көлемі тексттің алдықғы көлемінің 25 аспауы керек.


Сонымен, тиімді оқу біліктілігі тиімді тыңдау қабілетін дамытуға жәрдем береді.


Тиімді тыңдау , ауызша ара қатынас жағдайынды пайдалы ақпаратты ала білу біліктілігін көздейді.


Сұхбаттасты тықдай білу біліктілігі – адамның коммуникабельдігінің (жан-жақты дамығаны) көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Контакт (байланыс) орнатуда тыңдау шының ролі өте мақызды болғанымен, адамдардың шамамен 10 ғана сұхбаттасын тықдай алады. Көпшілік алдында сөз сөйлеу жағдайларында (лекция, доклад), көбінше тыңдау шы тиімділік деқгейінің 25 на ғана жете алады.


Тыңдау кезіндегі негізгі кемшіліктер болып, ойсыз және үзілмелі түрдегі қабылдау, талдау қабілетінің (хабардың мазмұны мен өмірдегі шын фактілерді бір-бірімен байланыстыра алу қабілетінің жоқтығы) тарлығы саналады.
Ауызша сөзді қабылдаудық төмен тиімділігі, тыңдау шымен қатар сөз сөйлеушінің (сұхбаттастық) өзіне де тәуелді. Бірақ, тыңдау ға дайындық пен оны қалау басты фактор болып есептеледі, ал ол өз кезегінде тыңдау шының қатынасына, мүддесіне, эмоционалдық жағдайына байланысты. Жақсы оратор осы факторларды пайдалана отырып, аудиторияны еліктетіп, өз сөзін тыңдау ға мәжбүр ете алады. Тыңдау шының өзі де, ауызша сөзден (лекция, доклад) ақпаратты тиімді ала білу біліктілігін дамыта беруі мүмкін.
Тиімді тыңдау біліктілігін датыму үшін, америкалық маман Дж. Кэпптіқ пікірі бойынша төмендегі біліктіліктерді жасап шығу қажет:

1. Шоғырлана білу (концентрациялану) біліктілігі.


2. Есіткен материалды талдау жасау біліктілігі.


3. Сын тұрғысынан тықдай білу біліктілігі.


4. Қосымша құралдарды қолдана білуді игеру.


Шоғырлану (концентрация) біліктілігі.


Шоғырлау (шоғырлану) – тыңдау үшін өзін дайындауға қажет. Бұл процесс белгілі күш жұмсауды талап етеді.


Кейде тыңдау шы оратордың сөзін ол айтып болмай жатып-ақ түсініп қояды, демек бұл уақытын тыңдау шы оратордың сөзін салмақтау мен топшылау үшін жұмсайды. Егер бұл уақыт басқа ойларға, қиялдарға кетсе, онда шоғырлану (концентрация) мүмкін емес. Шоғырлану үздіксіз назар салып отыруды талап етеді. Кейбір тақдаушылар біраз уақыт зейін сала тықдап отырады да, кейін бірнеше минутқа басқа бір нәрсеге алақдайды, ал кейін және тықдай бастайды. Бұл факттің себептері көп, олар алақдатушы факторлардың ықпалы (сырты шу, кешігіп келушілер және т.б.), сөйлеп тұрған адамның сөйлеу мәнеріндегі түсініксіздіктер, темаға деген қызығушылықтық жоқтығы және басқа да себептер болуы мүмкін. Қзіле беріп тыңдау , сөздіқ идеясын түсінуге кедергі береді. Алақдатушы факторларға мән бермеуге әрекет жасау керек, яғни шоғырлана білу біліктілігі тиімді тыңдау дық негізгі талабы болып табылады.

Бұл талап зейін салып тыңдау ды, тыңдау біліктілігін асыруды қажет етеді. Сонымен, шоғырлану - үлкен күш жұмсауды талап етуші белсенді түрдегі шығармашылық процесс. Тыңдау процессінде шоғырлануды үйрену үшін төмендегі кеқес-шарттарды орындау керек:


1. Сөйлеп тұрған адамға деген, объективтік және корпоративтік позициядағы қатынаста болықыз.


2. Сөздіқ мәніне қызығушылық танытықыз.


3. Сөздіқ негізгі мазмұны несімен сізге жәрдем беретінін ойлап көріқіз.


4. Өзіқіздіқ эмоционалдық блоктарықызды «өшіріқізң.


5. Оқиға барысын болжай білуге тырысықыз.


6. Осы берілген тема туралы не білетіқізді айтықыз.


7. Осы теманы сөйлеуші қалай дамытатынын ойлап және болжап көріқіз.


Естігенді талдау біліктілігі.


Көпшілікке арналған сөзді тыңдау өте күрделі, өйткені онда түрлі идеялар болады, егер олардың біреуін қапы қалдырса олар арасындағы байланыс үзіледі. Әқгіме жағдайында тыңдау жеқілдеу, себебі түсінбеген жәйді қайта сұрауға мүмкіндік бар. Тыңдау кезінде сақтау керек болған бірнеше ережелерді келтірейік (принциптер десе де болады):


1. Сөз сөйлеудің мақсатын аныңтау. Өз сөзінің мақсаты туралы оратордың өзі сөз басында айтады. Мақсатына қарай үш түрлі негізгі сөз сөйлеу болады: Сендіруші, яғни адекваттық (сәйкес) дәлелдеу мен логикалық ойлауды қажет ететін ақпараттық, демек мазмұнында толысқан ойлар мен аның фактілер бар көқіл көтеруші, яғни өз ішіне юморды енгізген және жақсы талғамымен ерекшеленетін сөз сөйлеулер.


2. Сөз сөйлеудің композициясын аныңтау. Оратордың қалай теманы дамытып және шектеп отырғанын, қалай негізгі ойды ашып беруін, алай техникалық атауларды аныңтап және қалай түсінік беріп отырғанын ұға білу керек.


3. Сөз сөйлеудің басты темасын анытау. Тема өз атауында жиі жағдайларда формулаланып (ықшамдалып) келеді немесе оратор оны арнайы атап отырады.


4. Оратордың басты идеяларын аныңтау. Сөз сөйлеушінің идеялары басты теманы дамытып отырады. Басты идеяларды түсінген тыңдау шы, сөзден не іздеу керектігін біліп алады.


5. Аргументтеу формаларын аныңтау. Қандай дәлелдердің келтірілуі, олардың қандай түрлері және қаншасы пайдаланылатынын аныңтаудық мақызы үлкен. Иллюстрациялау формаларын (үлгілер, аналогиялар (ұқсастықтар), статистикалық мағлұматтар және т.б.) аныңтау қажет. Бұл дәлелдеудің тәсілі мен идеясын түсінуге мүмкіндік береді.


6. Аятаушы қорытындылардың формаларын аныңтау.


Өз сөзінің соқында оратор қалай өз идеяларын қорытындылап, оларды қалай басты темамен байланыстырып отырғанын қадағалап отыру өте тиімді. Бұл сөз туралы тұтас және үйлесімді ұғым алуға жәрдем береді.


Сын тұрғысыдан тыңдау біліктілігі. Олардың да бірнеше принциптерін атап өтейік:


1. Сөз сөйлеушінің сөзі мен өзіқіздіқ тәжірибеқізді байланыстырықыз. Сол тәжірибеқізді негізінде сіз оратормен кейбір тұстарда келісуіқіз немесе керісінше келісе алмауықыз мүмкін. Өз шешіміқізді кейінгі мағлұматтар алғанға дейін қалдыруға да болады.


Осылай ой жүргізе отырып, сіз конструктивті ойлауды үйренесіз.


2. Есіткендеріқізді жүйелеп отырықыз. Оратордың басты теманы қалай өрбітетінін табуға әрекет жасақыз.


Есіқізде болсын коммуникация – ол екі жақты жүріске ие көше сияқты. Есіткендеріқізді ойықызда топшылап, сөйлеушіге жәрдем беріп тұрықыз. Сыншы ретінде тыңдау шы болып, коммуникация процессіне белсенді түрде араласып отырықыз.


3. Есіткендеріқізді талдап және бағалап жүріқіз. Шексіз сенуге де, үнемі күмәндануға да болмайды. Байыппен тықдақыз. Бастапқы нүктеге, текст астары мен дәлелдеулерге үнемі қайта отырып, сөйлеушінің идеяларын талдақыз. Дәлелдердің сәйкестігі мен түсіндірулердің сенімділігін тексере отырып, оратордың тұжырымдарын бағалақыз. Оратордың шынайы мақсатын аныңтауға әрекет жасақыз.


Мағлұматтардың сәйкестігін бағалай отырып, мағлұматтар сенімді ме?, оратордың айтып тұрғаны мағлұматтарға дәлме-дәл келеді ме? Қорытынды жасау үшін мағлұматтар жеткілікті ме? деген сұрақтарға жауап іздеқіз.


Түсіндірулердің сенімділігі мен аргументтердің салмақтылығы, оратордың қорытындылары логикалық негіздерден келіп шыққан ба?, Оратор логикалық аргументтеу ережелерін сақтап отыр ма? деген сұрақтардың жауаптарын бекітеді.


Оратордың шынайы мақсатын аныңтау үшін, объективті және субъективті материалдарды, үгіттеу мен фактілерді, догмалық тұжырымдар мен нақты негізделген қорытындыларды ажырата білу керек. Қандай да бір сөз манипуляциясын немесе үгіттеу техникасын сезіп не сезбей отырғаныңызды түсініп алықыздар. Осындай талдау жасаған соқ, сіз сөзді өзінің бірлігінде ақ бағалай аласыз. Егер сөзде құндылық болса сіз оны ұға аласыз, ал сөзде «жасырын сендіру құралың істетілсе, онда сіз оларға еліктей қоймағаныңызды білесіз.


Қосалқы құралдарды меқгеру. Тыңдау кезіндегі пайдалы қосымша құрал ретінде конспектілеу саналады.
Тыңдау кезіндегі жазып отыру шоғырлануға жағдай жасап, есіткенге кейіннен қайта оралуға мүмкіндік береді. Бірақ конспектілеу біліктілігі жеткіліксіз дамыған болса, онда жазып отыру тыңдау процессін қиындатып жібереді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет