№ __« » 2020 ж Бекітемін:_______Г.Жетбисова Келісілді:_______Қ.Жарымбетов
Педкеңесте қаралды Мектеп директоры Аудандық білім бөлімінің басшысы
Тақырыбы: «Логика әлемі»
(Таңдау бойынша сабақ)
Класс: 4
Орындады:Б.М.Зейнолла
бастауыш сынып мұғалімі
Әдістемелік бірлестік отырысында қаралды.
Хаттама № 1 « » 2020 жыл
Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Г.Д.Ускинбаева
Тексерілді: ______ А.Айтмаганбетова
Оқу ісінің меңгерушісі
Түсінік хат
Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Жаңа ұрпақтың жаңаша ойлауына, шығармашылық қабілетінің дамуына, олардың біртұтас дүние – танымның қалыптасуына әлемдік сана деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе.
Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі түрде өткізу оқушылардың практикалық дағдысын дамытып, олардың шығармашық қабілеттерін арттырады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабақты қосымша қызықты материалдармен, толықтырып әдіс – тәсілдерді өзгертіп отырған тиімді.
Бағдарламада оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған есептер, сиқырлы сандар, ойын, суретті есептер қарастырылған.
Тапсырмалар баға қоюға емес, оқыту мен дамытуға арналған. Сол себепті логикалық тапсырмалар, жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Яғни, назар аудару, елестету, есте сақтаудың түрлері, сұрыптау, зейінді дамыту және ойша тұжырымдама жасау.
Оқушылардың келешекте математикадан білім дәрежесі жоғары болуына, терең және тиянақты білім алуына, математиканы қызыға оқуына көмектеседі деп ойлаймын.
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық танымдылық қабілеттері мен білім-білік дағдылары қалыптасады.
Курстың шығармашылық ізденіс тапсырмалары мазмұны мен құрлымы жағынан жан- жақты ұйымдастыруға мүмкідік туғызады. Танымдық қасиеттері мен білім- білік дағдыларын қалыптастырады. Бұл курстық жүйенің ерекшелігі- негізгі оқу материалдарынан тыс, баланың мүмкіндіктерін ашып, жеке тұлға ретінде дамуына әсері мол.
Оқу құралындағы тапсырмалар балалардың өз бетінше логикалық іздену әрекеттеріне негізделген жаттығулардан тұрады. Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайды. Осындай жаттығулар орындау барысында өз пікірін ортаға салып дәлелдеуге, қиын жағдайда жол тауып шығуға, жеке шешім қабылдауға үйренеді. Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейтіліп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады. Сөйтіп олар өздерінің дамуында көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары мен белсенділіктері артады.
.
Достарыңызбен бөлісу: |