Тақырыбы: Математиканың басқа пәндермен байланысы немесе пәнаралық байланыс Мазмұны: кіріспе І бөлім Қазіргі кездегі математика ғылымының теориялық негіздері


Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі



бет5/8
Дата22.02.2023
өлшемі140 Kb.
#169756
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
пәнаралық байланыс

2.2. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі
бағыттары
Адамзат баласының алдындағы негізгі міндетерінің бірі – қол жеткен қоғамдық, рухани және материалдық құндылықтарды, өндірістік тәжірибені игерген тұлға даярлау. Осы міндетті жүзеге асыру негізінен білім беру жүйесіне жүктелетіні белгілі.
Тұлға – бұл субъект ретіндегі нақты адам. Адам санасының белсенділігі оның танымында, әсерленуінде жүреді. Адамның негізгі қасиеттерінің тобын кез келген педагогтің білуі шарт. Олар: бағыттылығы (сенімі, дүниетанымы, идеалы, қызығуы), тәжірибесі (адамның даярлығы, оның білімі, дағдысы, ептіліг мен әдеті), психикалық үрдістері (қабылдау, ойлау, зейін, ес, ерік, сезім, эмоция, сенсомоторика), темпераменті (адамның жоғары жүйке қызметінің типолоиялық негіздері, жеке тұлғаның жас және жыныстық қасиеттері мен патологиялық өзгерсі). Аталған негізгі қасиеттерді біле отырып, әр түрлі жастағы оқушы үшін оқу материалының мазмұнын іріктеу және соған сәйкес іс-әрекеттерді ұйымдастыру кез келген педагогтің білімі мен біліктілігіне, тұлғалық қасиеттеріне байланысты.
Оқушының адам қасиетеріне сәйкес бағыттылығы мен тәжірибесін негізінен мектеп қабырғасында дұрыс қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Адамның бағыттылығ мен тәжірибесінде негіз болатын құраушының бірі – оның білімі. Білімнің өзін мазмұндық және іс-әрекеттік тұрғыдан қарастыру көптеген зерттеулерде орын алған. Мазмұндық тұрғыдан оның өмір сүру формасы – оқу-әдістемелік әдебиеттерде тіркелуі.
Осыған сәйкес М.Скаткин жалпы білім беретін пәндерге қатысты өзара байланысты білімнің түрлерін: негізгі ұғымдар мен терминдер; әртүрлі нысандар мен болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды және қатынатарды ашатын күнделікті болмыстық және ғылыми фактілерді; берілген пәндік саланың құбылыстарын түсіндіру және болжау нысандары мен әдістерінің жиынтығын анықтау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теориялар; ғылыми және әлеуметтік идеялар; іс-әрекет тәсілдері, таным әдістері және білімді алу тарихы, ғылым тарихы жөніндегі білімдер; қоғамдағыбелгіленген өмірлік әртүрлі құбылыстарға қатысты нормалар жөніндегі білімдер деп қарастырады.
Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интеллектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарасты қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланыстырудағы құралдардың бірі – пәнаралық байланыс. Пәнаралық байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегіндегі кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде да айқындалады (В.Краевский, и.Лернер, А.Бейсенбаева, И.Зверев, В.Максимова және т.б.).
И.Зверев пәнаралық байланыстарды толықтай көлемде жүзеге асыру тәсілдерінің сипатынсыз олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу функциясының өзара байланыстарын ашпайынша бұл мәселені елестету мүмкін еместігін айтады. Пәнаралық байланыстардың жалпы білім беретін функциялары оқушыларда материя қозғалысының әртүрлі формаларының өзара байланысын көрсететін әлем жөніндегі жалпы білімдер жүйесін қалыптастыруды қарастырады. Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық-материалистік дүниетанымды, өнегелік-эстетикалық идеалдарды, жеке тұлғаның эмоционалдық-еріктік қасиеттерін қалыптастыруды көрсетеді. Пәнаралық байланыстардың дамытушылық функциясы салалас пәндерді зерделеу кезінде жалпы жаратылыстану-ғылыми және политехникалық ұғымдарды дамытуда, талдап қорытындыланған іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жүзеге асырылады.
Сондай-ақ пәнаралық байланыстар жастарды тәрбиелеу ісінде жасөспірім тұлғаны қалыптастыру функциясында едәуір мәнге ие. Еңбекке баулу мен ғылым негіздерінің пәнаралық байланысы мектеп оқушысының белсенді өмірлік көзқарас ұстанымында, объективтік ақиқат құбылыстары мен фактілерінің ғылыми түсінуінде пайда болатын дүниетанымды қалыптастыруға едәуір ықпал етеді. Ол сананың сезм мен мінез-құлық әрекетінің бірлікті жүзеге асуына мүмкіндік береді. Технология пәні мен ғылым негіздері пәндерінің байланысы политехникалық функцияны жүзеге асырады. Бұл функция еңбек үрдістерінің жалпы ғылыми негіздерін, бірыңғай ұйымдастыру – экономикалық ұстанымдарын ашуға көмектеседі.
В.Скакун өз жұмысында пәнаралық байланыстарды: зерделейтін оқу материалдары мазмұны бойынша, оқушыларда қалыптастырылатын жалпы оқу іскерліктері бойынша, оқыту әдістері мен құралдары бойынша, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары бойынша деп ажыратады. Пәнаралық байланыстардың оқушы жеке тұлғасын дамыту міндеттерін шешудегі әлеуметтік-педагогикалық аспектісін ескеру қажеттігі туындайды.
В.Скакуннің пәнаралық байланыстарының түрі бойынша мұғалім мен оқушы тарапынан орындалатын іс-әрекеттер сипаты төменде беріліп отыр:
- зерделенетін оқу материалдары мазмұны бойынша пәнаралық байланыстар. Бұл байланыс түрінде оқу материалдарын іріктеуден бастап пәнаралық байланыстарды белгілеу, басқа пәндерді зерделеу барысында өндірістік және өмірлік тәжірибеде алған білімдерді оқушылардың берілген пәнді зерделеуі үшін пайдалану, барлық пәндерде кездесетін терминді бірыңғай ғылыми көзқарас тұрғысынан пайдалану, әртүрлі пәндерді зерделеу барысында оқушылардың алған білім мен іскерліктерді кешенді пайдалану жүзеге асырылуы тиіс.
- оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыру кезіндегі пәнаралық байланыстар. Бұл байланыс түрінің сипатына оқушылардың кітаппен жұмыс жасау іскерліктері, оқушыларда жоспарлау іскерліктерін қалыптастыру, пәнаралық сипаттағы интеллектуалдық іскерлікті қалыптастыру, тәжірибелік және ұйымдастырушылық (жұмыстағы тәртіптілік, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, өзіндік бақылау, еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау) іскерліктерді қалыптастыру тән;
- оқыту әдістері мен құралдары бойынша пәнаралық байланыстар. Мұнда әртүрлі оқу материалдарын пайдаланып ұй тапсырмасын орындау, пәнаралық сипаттағы білімдерді дамытуға әңгімелер өткізу, басқа пәндер бойынша деректі фильмдерді, үзінділерді, көрнекі құралдарды қолдану, сандық және танымдық тапсырмаларды, пәнаралық мазмұндағы кроссвордтарды шешу, т.б. іс-әрекеттер жүзеге асырылуы тиіс;
- оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары бойынша пәнаралық байланыстар. Бұл байланыста әрбір пәннің дүниетанымдық идеясын ашу, қоғамдық құрылыстың өмірмен байланысы, еңбекке шығармашылық қатынасты, оқушылардың танымдық белсенділігін және өз бетінше жұмыс жасай алатынын дамыту,барлық педагогтер тарапынан оқушыларға қойылатын бірыңғай педагогикалық талап,оқушылардың ұжымшылдығын, өзара көмектесулерін дамыту, педагогтің өзінің жеке үлгісі өнеге ретінде жүзеге асырылуы қажет.
М.Абдрасилов өз ғылыми зерттеуінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда мұғалімдердің 41 пайызының ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен жеткілікті қамтамасыз етілмегендігін, 28 пайыз оқушылардың аралас пәндер бойынша білімдерінің әлсіздігін, яғни төмендігін тілге тиек етеді, мұны мұғалімдердің 21 пайызының аралас пәндер мұғалімдерімен қатынасының жоқ себебтерінен деп біледі.
А.Бейсенбаеваның зерттеуі бойынша пәнаралық байланысты үнемі жоспарлап, сабақ өткізетіні -30%, анда-санда ғана жоспарлайтыны -35%, мүлде жоспарламайтыны -20%, жауап бермегендері -15%. Педагог-ғалымның зерттеуі бойынша мұғалімдердің пәнаралық байланыс негізінде өткізетін сабақтарының түрлерінде қарастыратыны, оның ішінде тақырыптық жоспарда пәнаралық байланысты 38%, жеке сабақ жоспарында белгілейтіні 32%, пәнаралық байланысқа арналған арнайы жоспар жасайтыны 20%, пәнаралық байланысты сабақ беруде мүлде ескермейтіні 10% болғандығы сипатталады.
Кез келген пәнді зерделеудегі мақсат-нақтылы болмысты көрсететін ғылыми білімдер жүйесімен оқушыларды қаруландыру және қоршаған ортаға адамның қатынасы негізінде жатқан жеке тұлғаның әртүрлі сапалық қасиеттерін, дүниетанымын, этикалық және эстетикалық нормаларын қалыатастыруға қабілетті ету. Білімді игеру мен оларды тәжірибелік іс-әрекетте қолдануда ғана адам өзбетінше талқылау және әрекет ету іскерлігі мен дағдысын игереді.
Пәнаралық байланыс мәселесін шешуде оқу-тәрбие үрдісіндегі пәнаралық байланыстарды айқындау әдістері мен жүзеге асыру жолдарын іздеуі керек етеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың объективті және субъективті екі жағын бөліп көрсетуге болады. Объективті жағы оқыту мазмұнын анықтау кезінде көрініс табады және оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын және т.б. әзірлеу кезінде ескеріледі. Субъективті жағы тікелей оқыту үрдісінде көрініс табады, яғни оқушыларға қатысты пәнаралық байланысты жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен әдістері қарастырылады.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі бағыттарында: пән бойынша оқулықтарды; оқу құралдарын жазу кезінде; оқу жоспарларын және бағдарламаларды даярлауда; жеке әдістемелерді және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді жазуда; оқу орындарының түріне байланысты әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізуде бұларды басты назарда ұстаған жөн. Сондай-ақ педагогика ғылымында белгіленген пәнаралық байланыстарды оқу материалдарының уақыт критерийі ( алдын ала, сәйкес және кейінгі); жекеленген пәндердегі оқу материалының фактілік, ұғымдық, теориялық ақпараттық мәні; оқу пәндердегі білімдер мен іс-әрекет түрлері; мазмұндық – ақпараттық, операциялық іс-әрекеттік, ұйымдастыру-әдістемелік сипатына тән талдап қорытындыланған түрі бойынша жүзеге асырғанымыз абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет