Жаңа заман ағымына сай – жаңа технология
Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор. Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің
мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін- өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан
жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.
Заман талабына сай білім беру- бұл балаларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың
жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі
десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген
және баланың қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне
көшуді талап етеді.
Ондағы негізгі мақсат баланың барлығына және әр біреуіне сапалы білім игерту болып табылады.
Сондықтан, ұстаз- мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктеледі. Бүгінгі таңда жас
ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады.
|