Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер. Салалас құрмалас сөйлем. Мақсаты: Білімділік



Дата19.02.2017
өлшемі75,97 Kb.
#10754
Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер. Салалас құрмалас сөйлем.

Мақсаты:

Білімділік. Құрмалас сөйлемдер туралы түсініктерін молайта отырып, білімді кеңейту; Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді салыстыра отырып, айырмашылықтарын айыра білу; Өз беттерімен жүйелі сөйлем құрастыра білу;

Дамытушылық. Ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыта отырып, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайта отырып, тіл дамыту;

Тәрбиелік. Елін сүюге, қорғауға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеп, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру;

Түрі: Аралас сабақ.

Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер суреттері, презентация, «Менің Қазақстаным» шағын плакаттар топтамасы, видео, топшамалар;

Әдісі: Түсіндіру, баяндау, қайталау, сұрақ-жауап, аудару;

Барысы: Ұйымдастыру бөлімі:(Назарларын пәнге аудару);

Балалар, бүгін нешесі?

Қай күн?

Біздің Отанымыз – Қазақстан.

Қазақстан қандай мемлекет?

Қазақстан – тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Тағы қандай мемлекет?

Көпұлтты мемлекет.

Қазақстанның қандай жетістіктері бар?

Қазақстанды дүние жүзінің көптеген мемлекеттері біледі. Қазақ азаматтары Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.

Елбасының 2012 жылғы жолдауында қандай мәселелер қарастырылған?

Елбасының 2012жылғы жалдауында адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету, ауылдық жерді дамыту, қолжетімді баспана, білім сапсын арттыру, медицина саласын арттыру, зейнетақы жүйесін жетілдіру және қазақ тілін құрметтеп, қазқша сөйлеуді арттыру мәселелері қарастырылды.

Үй тапсырмасын тексеру: Тірек-сызбалары арқылы «Қазақстан» тақырыбына әңгіме құрастыру; Әлияға- әдеби кітаптардан құрмалас сөйлем жазып келу; Амирға- Қазақстан Республикасы тақырыбына сөйлемдер ойлау;

1-слайд.Тірек-сызба бойынша әңгімелеу: Мен Қазақстан Республикасында тұрамын.

ҚР-да мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Жалпы жер көлемі 2700 мың шаршы км-ден асады. 130-ға жуық ұлт-өкілдері тұрады. Ұлттық валютасы – теңге. Салт –дәстүрлері: шілдехана, бесікке салу, тілашар, беташар;Мемлекеттік рәміздері: елтаңба, ту, әнұран. Қазақстанның Президенті – Н.Ә.Назарбаев. Жаттығу жұмысын тексеремін.



2-слайд. Ендеше, балалар, бүгінгі жаңа тақырыбымыз – Мемлекеттік рәміздер.

Өздеріңіз көріп отырғандай, мемлекеттік рәміздерге: ту, елтаңба, әнұран жатады.



3-слайд. Мемлекеттік ту туралы айтамын. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сол жағында алтын түстес ұлттық өрнек бейнесі бейнеленген.Тудың ені мен ұзындығының ара қатынасы – 1:2

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.



4-слайд. Мемлекеттік тудың авторы: Қазақстанға еңбегі сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушы, суретші – Шәкен Ниязбеков. Слайдтан оқып беремін.

Көк туымызды көкке желбіреткен сплортшыларымызды соның ішінде Бақтияр Артаевтың қазақстан туын қалай көкке көтергенін видеодан тамашалайық. Видео.



5-слайд.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.



Көзге жаттығу. Видео бойынша. «Атамекен» өлеңі.

6-слайд. Елтаңбаның авторлары: сәулетшілер Шотаман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

6-слайд. Жандарбек Мәлібековты оқимын.

7-слайд. Шотаман Уәлихановты да оқып беремін.

8-слайд. Қазақстан Республикасының Мемлекетік Әнұраны

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжмединов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

9-слайд. Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (1935-1983)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранның (мәтіні) авторы, қазақ ақыны, жазушы.1935 жылы Атырау облысы Теңіз ауданының Қошалақ ауылында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетінде оқыған (1956-59). 1959-74 жылдары "Жазушы" баспасында кіші редактор, "Лениншіл жас" газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарған.

Негізгі шығармалары: "Күй кітабы", "Ашық аспан", "Менің топырағым" атты поэзиялық жинақтар, "Даңқ пен дақпырт", "Кішкентай", "Ақ шағыл" романдары т.б.

10-слайд.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранның (мәтіні) авторы, ҚР Президенті, экономика ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының, Ресей әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесі.

1940 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанда металлургиялық комбиниты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын (1965), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1976) бітірген.

11-слайд. 1989 жылдың маусым айынан 1991 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-хатшысы, 1990 жылдың ақпан айынан сәуірге дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы. 1990 жылдың сәуірінен Қазақ КСР 12-шақырылған Жоғарғы Кеңесінің 1-сессиясында Қазақ КСР-інің Президенті болып саналды. 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау қортындысы бойынша ҚР-ның. Президенті болып сайланды. 1995 жылдың 29 сәуіріндегі бүкілхалықтық референдум нәтижесі бойынша оның Президенттік өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1998 жылдың 8 қазанында ҚР Парламенті ҚР Конституциясына сәйкес Президентік өкілеттік мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдап, 1999 жылдың 10 қантарына жаңа Президент сайлауын белгіледі.
12-слайд.

Шәмші Қалдаяқов (1930-1992)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұран (әні) авторы, көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі (1991), Республика жастар сыйлығының иегері (1965).

1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отрар ауданының Шәуілдір ауылында дүниеге келген. 1956-1962 жылдары Алматы консерваториясында (проф. В. В. Великановтың класы бойынша) оқыды. 1950 жылдан бастап шығармашылық қызметпен айналысты. Негізгі шығармалары: "Менің Қазақстаным", "Қуаныш вальсі", "Бақыт құшағында" т.б.

Былтыр Шәмшінің 81 жасқа толған туған күні атап өтілді. Сол кештен үзінді тамашалайық. Видео.

Блохина Кристина –«Астана» мәтінін оқу, Сөздерді буынға бөлу;

Астана мәтіні бойынша сұрақтар дайындау;

Тірек-сызба арқылы сөздердің сыңарын табу;

Дауысты дыбыстан басталатын сөздерді көшіру;

Диктафон арқылы «Астана» өлеңін жазу;

Енді, балалар, грамматикалық тақырыбымыз – құрмалас сөйлемдер бойынша жаттығу жұмыстарын орындайық.



13-слайд.Тақтаға назар аударайық. Оқушыларды кесте бойынша сөйлетемін.



14-слайд. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді салыстыру;
Әр оқушыға әртүрлі тапсырма беремін.

Топшамамен жұмыс.

Амир. Мәтіннен жай сөйлемдерді көшіріп жазу.

Шынар. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді көшіру.

Әлия. Мәтіндегі жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер жасау;

15-слайд. Құрмалас сөйлем. Оқушыға қайталатамын.

Оқулықпен жұмыс.

16-слайд. Схема.

17-слайд. Схема.

18-слайд. Елбасы суретіне қарап, құрмалас сөйлемнен жай сөйлем құрастыру;

1 Елбасы жолдауы халыққа жақсы көңіл-күй сыйлап, ерекше ықыласқа бөледі.

Елбасы жолдауы халыққа жақсы көңіл-күй сыйлады.

19-слайд. Астана қаласы жылдан-жылға көркейіп, Қазақстанның көрікті қаласына айналды. Астана жылдан-жылға көркейіп келе жатыр.

20-слайд.“Астана-Бәйтерек” монументі ерекше көзге түседі, ол Астананың әсемдігін аша түсетіндей. “Астана-Бәйтерек” монументіАстананың әсемдігін ашып тұр.

21-слайд. Н.Назарбаевтың сөзі: «Еліміздің ертеңі –

бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаз қолында». Сөйлемнің мағынасын ашу;

Сабағымызды әнұранмен аяқтаймыз. Хормен айтылады. Видео.

Ү-т: Мәтін бойынша 5 оңай, 5 қиын сұрақ дайындау;

Бағалау.


Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты


Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер. Салалас құрмалас сөйлем.

(ашық сабақ)



Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Д.С.Габбасова




2013 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет