Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Мақсаты:
1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: безентірілген зал, слайд,
1 жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
2 жүргізуші:
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
1-жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Бүгін 1-ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 3- ші жыл тойланып отыр.
2-жүргізуші:
Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.
1-жүргізуші:
Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!
ГИМН
2- жүргізуші:
Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
1-жүргізуші:
Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.
Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
Өмірбаяны:
Нұрсултан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.
2-жүргізуші: Қызмет жолы
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін,
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орының,
1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Енбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті,
1960-69 жж.- Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1-жүргізуші:
1969-73 жж.- Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-77 жж.- Қарметкомбинаттың партком хатшысы болып жұмыс атқарды.
1977-79 жж- Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979-84 жж.-Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшісі,
1984-89 жж.-Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1989-91 жж-Қазақстан КП ОК бірінші Хатшысы.
1990 ж.ақпан – сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
2-жүргізуші:
1990 ж.сауірінен – Қазақ КСР президенті.
1991 ж.желтоқсанның 1-інде тұнғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтың сайлауы өтті. Сайлау нәтіжесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7‰) жеңіске жетті.
1995 ж. Сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж.дейін ұзартылды.
1999 ж. Қантардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78‰ дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
1- жүргізуші:
Ел тынысын тереңінен танып кең
Шарапаты бар адамға дарып тең
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен
Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған видео «Тұңғыш Президент күні» мұражайы
2-жүргізуші:
Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!
1-жүргізуші:
Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
Ән: «Астана»
2-жүргізуші:
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса-болсын әр алып
Адамдың аласармас үлгісі.
Бір өзінен жатқанышын таралып
Бүгін тұнғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалы
Би: «Онтүстіқ»
1 жүргізуші:
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
2-жүргізуші:
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
Ән: «Түған жер»
1 - жүргізуші:
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
2-жүргізуші:
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына
Бүгінгі мерекеге арналған «Менің тұңғыш Президентім!» атты мерекелік жиынымызды құттықтау үшін Сайрам көмекші мектеп-интернаты директоры Джуманова Зухра апайға сөз береміз.
1 - жүргізуші:
Аса құрметті ұстаздар оқушылар, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Ән: «Атамекен»
Достарыңызбен бөлісу: |