1.4 Дамуында кемістігі бар балаларды оқытып тәрбиелеуде жанұя рөлі мен міндеттері
Соңғы уақытта біздің қоғамымыз дамуында кемістіктері бар балалармен жас - өспірімдер мәселесіне бет бұрды. Олардың өмірлері бөлме өсімдіктері өмірлерімен пара-пар.
Дамуында ауытқуы бар нәрестенің дүниеге келуі – жанұя және оның жақын туыстары үшін қиын, ауыр сәт. Осы кезеңде ата-аналар алдында нәрестені әрі қарай тәрбиелеуге байланысты жаңа міндеттер тұрады: ата-аналардың нәрестеге пара-пар емес мінез–құлық және сенімдік реакцияларының коррекциясы; өзара түсінушілікке әсер ететін мінез-құлықтың араласу факторларын дамыту және сонымен бірге баланың ата-аналардың өзін нығайтуы мен өзін іске асыруы.
Кейбір ата-аналар бала дамуындағы ауытқуды өзінің толық еместігі ретінде қабылдай бастайды, өзіне сенімділігін жоғалтады, оларға қорқыныш пен үміт үзу келеді. Басқалары емдеудің әдеттегіден тыс әсер ететін әдістерін күш салып іздей бастайды, қаражаттарын жұмсайды, сонымен бірге қымбат уақыттарын жоғалтады, ол кейіннен өз мүмкіндіктеріне сенбеушілік пен түңілуге әкеледі.
Жанұяда дамуында кемістігі бар баланың болуы отбасының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруіне әкеледі. Көптеген аналар жанұяның материалдық шығындарының өсуімен, кемтар баланы емдеуімен және тәрбиелеу үшін жұмысты тастауға мәжбүр болады. Кейбір ата-аналар, әсіресе әкелері проблеманы көтере алмайды да жанұядан кетіп, жағдайды одан сайын ушықтырады.
Кемістігі бар баланы тәрбиелеуде жанұяның рөлі.
Ата –аналар көп жағдайда реабилитация тек арнайы ауруханаларда немесе сауықтыру орталықтарында жүруі мүмкін және солай болу керек деп қателеседі. Негізгі сауықтыру жұмысы отбасында барлық жанұя мүшелерінің жақындарының қолдауымен ұзақ уақыт, күнделікті және жүйелі жүргізілуі керек Керісінше жағдайда, бұл жеткен нәтижелерді жоғалтуға әртүрлі бұзылулардың асқынуына, психологиялық әлеуметтік және қозғалыстың дамуының тежелуіне әкеледі.
Бала үшін жанұя не істеуі керек? Ең алдымен оның дамуындағы проблемаларға сәйкес өз баласына тән қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтап алу керек. Бұл тиімді емдеу мен реабилитация жолын таңдауға көмектеседі, баланың жанұяда және өмірге бейімделу мүмкіндіктерін анықтайды. Екіншіден, ата-ананы реабилитацияға қатысуға белсенді тарту қажет, ол әлеуметтік үш таған «апа-әке -бала» өзара түсінушілікті нығайтуға септігі тиеді және жанұяда адамгершілік психологиялық ахуалды жақсартады. Әкелер рөлін көтеру тәрбие бағытын дұрыс таңдауға көмектеседі, ана тарапынан тым қамқорлық қаупін азайтады және оған түсетін дене бітімдік психологиялық күшті төмендетеді. Ата-аналардың реабилитацияға бірлесіп қатысуы жанұяның және жанұя мүшелерінің балаға оптимистік қарым –қатынасына себебін тигізеді.
Әлеуметтік зертеулер мынаны көрсетеді: дамуында проблемалары бар балалардың жанұяларында тәрбиеге әр түрлі бағыттар, жанұялық тәрбиенің әртүрлі типтері қалыптасады, ол болашақта бала жеке басының ерекшеліктерін, мінезін, оның жақсы жақтары және кемшіліктерін анықтайды.
Ата-ананың баласына шектен тыс қамқорлық көрсетуі оның өзімшіл болып өсуіне және барлығы оларға көмекке келуге тиіс екеніне, қиыншылықтар мен жағымсыздықтардан құтқаратынына үйреніп алады. Бұл балада енжар, өмірлік позиция, иек артушылықты әдетке айналдырады.
Жанұядағы жасырын және ашық эмоциялық шектеу: бала өзін ата-аналары үшін кедергі болып сезінуі, ал эмоциялық шектеу онымен қатал қарым-қатынаста және оған сенімді эмоциялық қарым-қатынастың болмауынан көрінеді. Мұндай жанұяда бала тұйық, агрессивті болып өседі, онда өзін-өзі бағалауы төмен, енжар өмірлік позиция қалыптасады.
Баланы «жанұя табынушысы» типінде тәрбиелеуде онда жеке бастың жағымсыз қасиеттерін қалыптастырады.
Кейбір жанұяларда тәрбиелеуде қарама-қайшылықтар кездеседі, жанұя мүшелерінің әр түрлі тәрбие стилдерінің болуы баланың қоршаған жағдайға қызбалықпен (истерикалық) жауап беруіне әкеледі. Мұндай балалар қызба, ешкімге, ешнәрсеге сенімсіз болып өседі.
Дамуында кемістігі бар баланы оқыту және тәрбиелеуде жанұя ерекше рөл атқарады. Себебі ата-аналар оның бірінші тәрбиешілері болып табылады, олардан бала қоршаған дүние туралы алғашқы түсініктерін алады, әртүрлі іскерліктер мен дағдыларын игереді. Дамуында ауытқуы бар дүниеге келген баланы қабылдауға және тәрбиелеуге жанұяның жеткіліксіз психологиялық даярлығы оның өміріне қоғамда бейімделу мүмкіншілігіне жағымсыз әсер етеді, бұл тәуелділік, тиым және шектеуге әкеледі.
Дамуында ерекшелігі бар баланы жетілмеген, болашағымызға кедергі деп олардың адамдық құқын шектеу түрінде емес, жеке тұлға ретінде қабылдау керек және оны адам құқығы мен тең мүмкіндіктер көзқарасында қарастыру қажет.
Дамуында ерекшеліктері бар балалардың ең жақсы реабилитациясы – бұл олардың күнделікті өмірге тарту екенін есте ұстаған жөн, ол ойын және бірлескен қарым-қатынас нәтижесінде жүзеге асады. Әрине, әрбір ерекше балада өзінің ерекше қажеттіліктері бар, оны ата-аналары мен мамандар қанағаттандыра алады. Ата-аналардың нақты көмегі мынада: балалары үшін барлық қажеттілікті орындауды үйрену емес, олардың дербес болуына көмектесетін дәрежеде көмек көрсету, белсенді өмірлік бағыт ұстау.
Достарыңызбен бөлісу: |