IX және X – жұптар – тіл-жұтқыншақ пен кезбе нервтер. Сырқаттың даусы әлсіреп шығады (гипофония), үні шықпайды (афония), маңқаланып сөйлейді (назолалия). Жұтыну қиындайды (дисфагия) – шашалады, қақалады, тіпті тамақ өтпей қалады. Егер тіл-жұтқыншақ нерві зақымданған болса, тіл түбі дәмді сезбей қалады. Ал, кезбе нерв зақымданса, жұмсақ таңдай, жұтқыншақ және көмей салданады.
XI жұп – қосымша нерв. Кеуде-омырау-бұғана бұлшық еттерін басып байқап көреді, трапеция тәрізді бұлшық етті де қарайды. Аталған бұлшық еттердің қызметін тексеру ушін басты екі жаққа, алға ию, екі жауырынды қысу,қолды жоғары көтеру, иықты қозғау қажет.
Қосымша нерв зақымданса, бас қарама –қарсы жаққа ауырсына бұрылады, иық төмендеп, қол жоғары көтеріле алмай қалады, жауырын сыртқа шығып кетеді. Бұлшық еттердің қимыл қабілеті әлсіреуі мойынды қисайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |