ІІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе
Интербелсенді тақтадан көрсетіледі
Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті.
Санаса қолдың саусағын
Оңай табасың десті
ІV.Жаңа материалды игеру
5 санын сатылай кешенді талдау
1.Анықтама. 5 натурал сан. Себебі, заттарды санауға
қолданылатын 1,2,3,4,... сандарын натурал сандар
дейміз. 5 санында бес бірлік бар.
2.Тану. 2.1. Жазылуы. 5 цифры үш элементтен кішкентай
таяқшадан, оң жақ жарты ойықтан, иректен тұрады.
Алдымен, кішкене таяқшаны, одан соң жарты ойық, ирек сызық жазылады. Таяқшаны торкөздің жоғарғы қабырғасынан сәл оңырақ басталып,
торкөздің ортасынан сәл жоғары әкеп, жарты ойық жазылады. Таяқшаның ұшынан оңға қарай ирек
жазылады.
2.2. Оқылуы. 5 таңбасын бес деп оқимыз.
3. Мағынасы. 3.1.Заттың мөлшерін өрнектейді. Мысалы: 5 ағаш,
5 сызғыш,5 алма, т.б.
3.2. Заттың ретін өрнектейді. Мысалы: 5-орын
(бесінші орын), 5-автобус (бесінші автобус) т.б.
3.3. 5 цифры араб цифры делінеді, себебі, араб цифрындағы он цифрдың біреуі
.
4. Кескінделуі.
0 1 2 3 4 5
Санақ басы 0 -ден бастап бес бірлікті көрсетіп тұр.
5. Салыстыру:
5.1. Кем. Кем таңбасы <
Жазылуы: 4<5. Оқылуы: Төрт кем бестен. Жазылуы: 3<5. Оқылуы: Үш
кем бестен. Себебі, сандық сәуледе сол жақтағы сан оң жақтағы саннан
кем.
5.2. Тең. Теңдік таңбасы =
Жазылуы: 5=5. Оқылуы: Бес тең беске. Жазылуы: 4=4. Оқылуы: Төрт
тең төртке. Себебі, сандық сәуледе бір санға сәйкес тек бір ғана нүкте
табылады.
5.3. Артық. Үлкен таңбасы >
Жазылуы: 5>2. Оқылуы: Бес артық екіден . 5>3. Бес артық үштен .
Себебі, сандық сәуледе оң жақтағы сан сол жақтағы саннан артық.
Жаттығулар кешені
/интербелсенді тақтамен жұмыс/
1-тапсырма:5 цифрын тауып, бастырып сызыңыз:
|