Тақырыбы: Ойлау мәдениетінің пайда болуы Жоспары



бет3/6
Дата17.09.2024
өлшемі0,64 Mb.
#204549
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1филос

Діннің қызметтері: 1. біріктіруші (бір идея төңірегінде қоғамды ынтымақтандыру); 2. мәдени-танымдық (белгілі бір мәдениетке ықпал ету); 3. әдептілік-тәрбиелік (қоғамда адамға деген сүйіспеншілік, махаббат, кешірірімділік, адалдық, ізеттілік, төзімділік, борыштық).

Әлем құбылыстарын түсіндіру және адам санасы мен оның мінез –құлқына ықпал ету проблемаларын өз сипаты жағынан дінге ұқсастығы бар философия шешеді. Бірақ философия көптеген сауалдарда жауап беру жолын өзге бағыттан таңдайды. Философияның әлем мен адамды түсінудегі берік іргетасы ақыл мен білім бағытында қаланған. Философия өзінің түбірі жағынан әлемді тұтас қалпында түсінудегі бірегей дәнекер ретінде адамның жер бетіндегі орнын табуға жағдай жасайтын қажеттілік негізінде пайда болды. Филоосфия-адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтап,әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау,әлемге қарым-қатынасты білдіру қажеттілігінен туындаған ерекше феномен.

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі – өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары – «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте.

Адам мен дүние арақатынастары бір-бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.

Дүниетанымның тұтастығын құрастыратын негіз – білім. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет